Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Туған күніңмен, Google!

Туған күніңмен, Google!

Туған күніңмен, Google!

Бүгін ең танымал іздеуші сервисі Google өзінің 15 жылдығын тойлауда.

Google іздеуші сервисі Стэнфорд университеті студенттері Ларри Пейдж бен Сергей Брин жасалған. Әубаста студенттік жоба болған BackRub негізінде 1998 жылы Google пайда болды.

Жалпы қыркүйек айы Google үшін атаулы күндерге толы. 2, 7, 10, 15 және 27 қыркүйек күндерінің барлығы бұрын-соңды Google-дың туған күндері деп аталып жүрген.

Шын мәнінде Google корпорациясы 1998 жылдың 2 қыркүйегінде құрылған, алайда Google.com домені 1997 жылдың 15 қыркүйегінде ашылып қойған еді. 1998 жылдың 7 қыркүйегінде Google заңды тұлға ретінде тіркелген екен. Ал 10 қыркүйек жалпы "Іздеу күні" болып табылады.

2005 жылдан бастап Гуглдықтар өз туған күнін 7 қыркүйек деп белгіледі, бірақ бір жыл өткеннен кейін олар ресми түрде 27 қыркүйекті Google-дың туған күні деп тағайындады.

Бірақ неліктен 27 қыркүйек? Бұл сұраққа бірнеше жауап бар. Бірінші нұсқа бойынша, 2002 жылдың 27 қыркүйегінде Google-дың басты парақшасында алғаш рет туған күндік торт бейнесі пайда болған деп есептеледі. Ал екінші нұсқа бойынша 2005 жылы Yahoo! іздеу сервисі Google-дың жұмыс көлемі олардан екі есе аз екенін айтыпты. Google Yahoo!-ға ресми жауабында нақты статистикасын көрсетіп, оның жұмыс көлемі кез келген іздеуші сервисінен 3 есе артық екенін дәлелдеп берді. Осыған орай сол жылы туған күн екі рет тойланып, артынан солай қалыптасып кетті деседі.

Ал Google-дың атауы 10-ның 100 дәрежесі болатын Googol сөзінің бұрмалану нәтижесінде пайда болған. 

Қазірде Google танымалдығы бойынша бірінші іздеуші сервис болып табылады (79,65%). Ол айына 41 млрд 345 млн сұраныстарын өңдеп, 25 млрд веб-парақшаларды шығарып береді. Google 195 тілді қамтып, өз нарығының басым бөлігін иеленіп отыр (62,4%).

Әрине, Google-дың туған күні қай күн болмасын, ол әр интернет қолданушы үшін таптырмас сервиске айналып отыр. Нарықтағы бағасы 150 миллиард доллар болып отырған компания өз туған күнін өзі таңдай алады емес пе?

Google-ға рақмет айтып, туған күнімен құттықтайық!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: google.kz

11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2013, 11:04
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2013, 11:12

Ең мықты іздегіш!

+0
27 қыркүйек 2013, 11:18

Туған күніңмен, "Қу құл"... :)

+0
27 қыркүйек 2013, 11:44

Гугл болмаса қандай интернет болар еді а? :roll:

+0
27 қыркүйек 2013, 22:02

Онда екінші орынды Яндек алар еді Гугл жоқ болса.

+0
27 қыркүйек 2013, 11:57

гугл пайдаланбайм

+0
27 қыркүйек 2013, 12:23

Түнімен Гугл жайлы түс көрдім)) Сүйтсем туылған күні екен ғой

+0
27 қыркүйек 2013, 12:44

Дәл қазыр Гуглдың сайтына кірсеңіз ойын ойнай аласыз!

+0
27 қыркүйек 2013, 14:32

ия,Гугл тәтті кәмпиттерін сыйлап жатыр ғой!!!

+0
27 қыркүйек 2013, 12:45

Сайқа кірсеңіз сурет шығады Кәмитті басыңыз сосын Пробелмен ойнайсыз!

+0
27 қыркүйек 2013, 12:54

Ұзақ жаса!

+0
27 қыркүйек 2013, 21:18

Мен де көп пайдаланбаймын. 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.