Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қытайдағы өлім жазасы

Қытайдағы өлім жазасы

Қытайдағы өлім жазасы

Қытай өлім жазасына кесу және оны жүзеге асыру санына қарай бірінші орындағы ел. Түрлі мәліметтерге сәйкес, Қытайда жыл сайын 2-7 мың өлім жазасы іске асырылады. Яғни, Қытайда әлемдегі қалған барлық елдердегі жиынтық саннан көп адам өлім жазасына кесіледі. Тағы бір атап өтерлігі, Қытайдағы соттар қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің 99%-дан астамын айыпты деп таниды. Кейінгі 10 жылда 6 млн астам адам қылмысқа кінәлі деп танылған. 

Қытайда өлім жазасы төмендегі қылмыстарға байланысты жүзеге асырылады:

  • Еліне опасыздық жасағанда;
  • Сепаратизм; (Сепаратизм – бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы)
  • Қаруды заңсыз қолданғанда;
  • Дұшпандарға жақтасқанда;
  • Тыңшылық әрекеттер жасағанда;
  • Мемлекеттік құпияларды дұшпандарға табыстағанда;
  • Дұшпандарға ақшаға сатылғанда;
  • Абайсызда өрт шығарғанда;
  • Су тасқынына алып келетін қылмыстар жасағанда;
  • Жарылысқа әкеліп соқтыратын қылмыстық әрекеттер жасағанда;
  • Уландыратын заттарды пайдаланғаны үшін;
  • Қоғамға кері әсерін тигізген үшін;
  • Біреуді көлікпен қағып кетсе;
  • Қоғамдық көліктерді өз көлігімен қағып кетсе;
  • Энергиялық құрылғыларға зиянын тигізген кезде;
  • Жарылғыш қасиеті бар құрылғыларға зиянын тигізген кезде;
  • Әуе ұшақтарын кепілдікке алғанда;
  • Заңсыз өнім шығарып, сауда-саттықпен айналысқанда (қару-жарақ, жарылғыш заттарға қатысты);
  • Ядролық қаруларды иемденген кезде;
  • Қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ұрлаған кезде;
  • Уландыратын өнімдер мен тағамдарды жасағанда;
  • Жалған дәрі-дәрмектерді жасап шығарғанда;
  • Қаруларға қатысты контрабандалық әрекеттер үшін;
  • Ядролық материалдарға қатысты контрабандалық әрекеттер үшін;
  • Жалған ақша жасайтын құралдарды контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
  • Мәдени ескерткіштерді контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
  • Бағалы металдарды контрабандалық жолмен тасымалдау;
  • Сирек кездесетін жануарлар мен олардың ағзаларын контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
  • Әдеттегі тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдағанда;
  • Жалған ақша шығарғаны үшін;
  • Жалған қорды ұйымдастырып, ақша жинағандары үшін;
  • Салықтардан бас тартқаны үшін;
  • Келушілердің банкте сақталған ақшасын пайдаланғанда;
  • Қарызды уақытында қайтармағанда;
  • НДС чектерін заңсыз пайдаланғанда;
  • Біреуді қасақана өлтіргенде;
  • Біреудің денесіне қасақана зақым келтіргенде;
  • Адамдарды кепілдікке алғанда;
  • Әйелдерді ұрлағаны үшін;
  • Балаларды ұрлап, шет елдерге сатып жібергендері үшін;
  • Тонағанда;
  • Жасөспірімдерді қорлағанда;
  • Әйел адамды қорлағанда;
  • Ұрлық жасағанда;
  • Біреуге қылмысты жасауға көмектесетін ақпарат бергенде;
  • Түрмеден қашқанда;
  • Екінші адамға түрмеден қашуға көмектескенде;
  • Археологиялық маңызы бар жерді жөнсіз қазғанда;
  • Ежелгі адамдар мен жануарлардың, өсімдікердің қалдықтарына зақым келтіргені үшін;
  • Анашаны қолданып, контрабандалық жолмен тасымалдағаны үшін;
  • Әйелдер жеңіл жүрістілік танытқанда;
  • Екінші адамды жаман жұмыс істеуге көндіргенде;
  • Қажетсіз соғыс құралдарын өндіргенде;
  • Соғыс құралдарын бұзғанда;
  • Мемлекет қазынасын ұрлағанда;
  • Жемқорлықпен айналысқанда;
  • Сарбаздар әскери тәртіпке бағынбағанда;
  • Жалған әскери ақпарат таратқанда;
  • Соғысқа арналған қару-жарақтарды дұшпандардың қолына бергенде;
  • Бүлік шығару үшін жалған ақпарат таратқанда Қытай азаматтары өлім жазасына кесіледі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: meta.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2013, 17:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.