Оттегісіз 10 секунд

Оттегісіз 10 секунд

Адам баласы өте қанағатсыз келеді. Сондықтан болар, "Қолда бардың қадірін біл" деген сөзді өте жиі ауызға аламыз. Бүгінгі жазбамыз да сізге осы аталы сөзді тағы да бір рет еске салғысы келеді.

"Ғаламшарымызда оттегі жоғалып кетсе не болады?" немесе "Жерде оттегі екі есе көбейіп кетсе не болады?" деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітпекпіз.

Оттегі 10 секундқа жоғалып кетсе:

Жағалауда демалып жатқан адамдардың барлығы да бірден күйіп қалады. Себебі, ауадағы оттегі молекулалары адам терісін ультракүлгін сәулелерінен қорғап тұрады.

Күндіз аспан қарайып кетеді.

Жер қыртысы жарыла бастайды. Жер қыртысының 45 пайызы оттегіден тұрады. 

Атмосфера қысымы 25 пайызға төмендейді.

Барлық жаратылыс иелерінің ішкі құлағы жарылып кетеді.

Бетоннан тұрғызылған үйлер қирай бастайды. Оттегі – бетон үшін аса маңызды компонент.

Судың 1/3 бөлігі оттегіден тұратындықтан, оттегісіз су газға айналып, көлемі ұлғая түседі. Мұхит буға айналып, ғарышқа көтерілер еді. Оттегісіз сутегі тропосфераның ең жоғарғы қабатына, тіпті ғарышқа ауысып кетуі ғажап емес.

Оттегі екі есе көбейіп кетсе:

Ұшақтар тоқтай алмайды.

Жанармай шығыны екі есе көбейеді.

Біз бақытты бола түсеміз. Бұлай дейтініміз оттегі есте сақтау, назар аудару және физикалық қабілеттерімізді арттырады. Бірақ...

Құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлердің көлемі ұлғайып кетеді. Олардың көлемі атмосферадағы оттегінің көлеміне байланысты.

Бәрінің де өз өлшемімен болғаны қандай керемет! Осындай болғаның үшін, рақмет саған, оттегі!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net