Техникалардың көшірмелері неге Қытайдан шығады?

Техникалардың көшірмелері неге Қытайдан шығады?

ХІХ ғасырдың үздік техникалары күн сайын дамып, адам баласына пайдасы мен зиянын қатар тигізуде. Ал осы техниканың не себепті дәл Қытайда өндірілетіндігі жайында ойланып көрдіңіз бе? Еуропа мен Америка hi-tech өндіріс орындарын өздері орындай алмайтындықтан, Қытайға көшірген. Бір қызығы – әлемде ешкім жасай алмайтын жұмысты орындайтын қызметкерлердің жалақысы өте төмен...  

Мұнымен қатар, қытайлықтардың көбі еңбексүйгіш әрі айтқанды бұлжытпай орындайды. Жұмысшылар ақша табу мақсатымен шаршап-шалдыққанша жұмыс істейді. Соның нәтижесінде «Мade in China» белгісімен сапасыз өнімдер жасап шығарады.

Кез келген заманауи технологияны өндіруде сирек кездесетін металдар қолданылады. Айпадта кем дегенде оның 17 түрі кездесетіні анық. Нақты көрсеткіштерді "Аpple" компаниясы құпия ұстайды.

Технологияның Қытайда өндірілетіндігінің тағы бір себебі – сирек кездесетін металдардың 95-97%-ының кездесуінде. Қытай ол металдарды тек дайын өнім ретінде ғана болмаса, өңделмеген күйінде экспортқа шығармайды.

Қытайдың экономикасы өте жақсы дамыған. Әлем мемлекеттерінің алдыңғы қатарында десек те болады. Оған мұндай мүмкіндікті беріп қойған дүниежүзі компанияларының айыбы өзінде. Америкалық Molycorp және аустралиялық Lynas Corp секілді компаниялар енді оянып, сирек кездесетін металдарды өз елдерінен іздеуді жоспарлауда. Олар металдарды тапқанның өзінде, оны өндіру үшін біраз уақыт өтеді. Ал Қытайға ілесу үшін жыл сайын 136 100 тонна металл өндірулері керек. Яғни батыстықтардың болашақта жеке компьютерлерін, смартфондарын, планшеттерін, құлаққаптарын, жоғары технологиялық ойыншықтарын өндіруге мүмкіншіліктері жоқ.

Жоғарыда айтылған ақпараттарға қарай отырып, қытайлықтардың әлемдік экономикаға нық орналасқанын байқауға болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mirfactov.ru 

Қ. Бүйенбай