Бетховен неліктен тұтқиылдан қаза болған?!

Бетховен неліктен тұтқиылдан қаза болған?!

Жұмбақ өлімнің артында жұмбақ жағдай жатады. Әйгілі тұлғаның өлімі әлі күнге мәлім болмай келе жатыр. Біреулер өз-өзіне қол жұмсады десе, біреулер суық тигізіп алып, соның кесірінен көз жұмды дейді. Өкпесіне суық тиген жанның әлемге өкпесі болмаған. Қырсық немересі құрдымға жіберді дейтін де пікірлер табылады. Сонымен, Бетховен неліктен тұтқиылдан қаза болды?

1887 жылдың 20 наурызында сағат 5:30-да әлемдегі ұлы сазгер Бетховен өмірден озды. Ол бауыр ауруынан қаза болған делінеді. Бірақ дәрігер Том Перфуман Бетховен ревматизм ауруынан пайда болатын дене ауруларына шыдай алмай, өз-өзіне қол салған дегенді айтады.

Ал жазушы Альфонс Карр өзінің «Жөке аясында» кітабында Бетховенге немересінен хат келетінін, ол хатта, өзінің бәлеге ұшырап қалғандығын, одан тек ол келсе ғана құтылатынын жазған. Мұны оқығасын, Бетховен шұғыл жолға шығады. Ақша үнемдеу үшін ол жолдың көбісін жаяу жүреді. Жолда  бір үйге қонған Бетховен қызып ұйықтай алмайды. Сосын ол жалаң аяқ сыртқа шығып, атызды аралап кетеді. Соның салдарынан аяғынан суық өтіп, өкпесіне су жиналады. Үй иесі Венадан дәрігер шақырады. Кейін досы сазгер Гуммел келеді. Бетховен досына «Шыныңды айтшы, мен таланттымын ба?» деп айтып отырып, қайтыс болады!

Қытайлық оқымысты Жоу Шин Шян өзінің «Бетховен рухы» кітабында Бетховен өзінің қырсық немересінің кесірінен қайтыс болған делінеді. Оның тіл алмайтын немересі әскерге аттанып, Бетховен немересімен бірге шығады. Жолдағы суықтан ауырған Бетховен Венаға жеткесін барлық мал-мүлкін немересіне мұра етіп қалдырып, қайтыс болады делінеді. Қазір Бетховеннің неліктен өлгендігіндігінің ешқандай мәні жоқ. Ол жанын жегідей жеген аурудан азап шегіп, дыбыстан мүлдем мақұрым меңіреу халде жүрсе де, өмірге талай-талай ұлы шығармалар әкелумен шексіз құрметке бөленуде.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: amqueretaro.com 

Л. Лига