25 секундқа созылған операция

25 секундқа созылған операция

Әлем қызықтары назарларыңызда: 25 секундқа созылған операция; Google-дiң автоматтандырылған көлігі; ағзадан жетіп тұратын дауыс сигналы; Даун синдромы деген не?

300-mortalit-serq

Кәсіби рекорд орнатқысы келген бір дәрігеріміз 1847 жылы ампутацияны бар-жоғы 25 секундта тәмамдап шығады. 

Асыққаннан, тіпті, көмекшісінің саусағын қоса кесіп жібереді. Кездейсоқ, әнине. Науқас та, көмекшісі де біраз уақыт өтіп барып, қабынудан көз жұмады. Ота жасату уақытында бақылап тұрған адам да жан тапсырады - шошығаннан. Және бұл медицина тарихындағы 300 пайыздық өлім тіркелген жалғыз емдеу шарасы болып отыр. 

Google компаниясы толықтай автоматтандырылған көлікті сынақтан өткізеді. Көлік 500 мың шақырым жолды артқа тастап, бір ғана жерде қақтығысып қалады. Әлгі қақтығыс көлік тізгініне адам отырған кезде орын алған екен.   

superior-canal-dehiscence-syndrome

Құлақтың ішкі құрылымына әсер ететін және ағзадан жетіп тұратын дауыс сигналын еселей түсетін ауру түрі бар. Көз алмасын жылжытқан уақытта ауырған адамға құдды біреу егеуқұм қағазбен ағаш үстін сырып жатқандай әсер қалдырады.  

thorium-cadillac

Соңғы 30 жыл ішінде Германия, Үндістан, Жапония, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдері торийді (радиоктивті металл) ядорлық жанармай ретінде тұтынып көруге әрекеттеніп келді. Өнертапқыштардың айтуынша, осы бір Кадиллак үлгісі 100 жыл бойына қуатсыз жүріп тұратын көрінеді. 

gold_lowe_pahd

2010 жылы Колумбия өкіметі партизандарды бейбіт өмірге шақырудың ең озық әдіс-тәсілін ойлап табады. Орман ішінде тығылған жандар әр үш күннің бірінде шабуыл жасап тұратын.

Содан не керек, Жаңа жыл қарсаңында партизандар шоғырланған орман ішін иллюминациямен сәндеп қоюды. Жан баласы жақындаған тұста әлгі иллюминациялар жарқырай түсіп, бейбіт өмірге үндеу тастаған плакаттар көрінетін болған. 

"Жаңа жыл операциясы" сәтті аяқталапты - 331 партизан қару-жарақтарын тапсырған. 

online-flirting

2007 жылы Боснияда ері мен әйелі бір-бірінен жасыра отырып, интернет бетінде басқа бір жанмен танысады. Арада қарым-қатынас күрделене түсіп, қиындай бастағанда, олардың бір-бірімен дос болып келгендігі анықталады. 

L-8inUse

1942 жылдың 16 тамызында қарапайым тапсырма алған әскери аэростат Сан-Францискодан ұшып шығады. Алған тапсырмасы – су астындағы қайықтарды анықтау. 

Бірнеше сағат өткенде әуе кемесі қайта оралып, ауыр түседі. Борт ішінде адам жоқ. Құтқару құралдары мен өзге де керек-жарақтар орнында тұр. Тек экипаж ішіндегі екі адам тағдыры сол күйі жұмбақ болып қала берді. 

xaerktj3975

Қожайыны Даун синдромымен ауыратын мейрамхана бар. Келіп кетушілерге таңғы ас, ланч пен ыстық құшақтар ұсынылады.

Түсіндірме: Даун синдромы (21 хромосоманың трисомиясы) – 21 жұп хромосомалардың қалыпты екі көшірменің орнына 3 көшірмесімен (трисомия) көрінетін геномдық патологиялардың бір түрі, сондықтан адам кариотипі қалыпты 46 хромосома орнына 47 хромосомадан тұрады. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: stihi.rum-vremya.ru 

Л. Лига