Қытайда интернеттегі өтірік үшін түрмеге қамайтын болды

Қытайда интернеттегі өтірік үшін түрмеге қамайтын болды

Қытай елінде интернетте шындыққа сәйкес келмейтін мәліметті таратуға байланысты бас бостандығынан айырылуға болатын қылмыстық жаза қарастырылған заң өз күшіне енді.

Жаңа заң желіде азаматтардың ақпаратты кеңінен таралған жағдайда жалған ақпарат таратты деген айыппен оларды жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Мәселен, 500-ден аса репост алған жалған ақпарат авторын үш жылға бас бостандығынан айыруға болады, деп хабарлайды Agence France-Presse. Қамауға алыну, сонымен қатар, бес мың көрілім жинаған хат авторларына да қарастырылған. 

Қытай үкіметі өкілдері жаңа заңның шығуын желіде тарайтын "жауапсыз сыбыстарға" қоғамның реакциясымен түсіндірді. 

ҚХР үкіметінің интернетте сыбыстардың тарауына қарсы күресі бірнеше ай бұрын басталған болатын. Соңғы бірнеше апта ішінде желіде жалған ақпарат таратқаны үшін жүздеген адамнан жауап алынды. Нәтижесінде олардың бір бөлігі қамауға алынған болатын. 

Әйгілі істердің бірі Ухань қаласында 27 адамды тұтқынға алу болды. Олардың ұсталуынан соң, қалалық полицияның желіде сыбыс таратқан қылмыстық топтың әрекетінің алдын алғаны жарияланды. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: nnm.me

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты