Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ең қымбат асыл тастар

Ең қымбат асыл тастар

Ең қымбат асыл тастар

Британдық патша тәжіндегі атақты үнді алмасынан бастап, футбол добындай сапфирге дейін – әлемдегі ең қымбат асыл тастар жайлы толығырақ біліңіз...

* * * 

1. Кохинур алмасы (Koh-i-Noor Diamond), британ тәжіндегі асыл тас

Кохинур 106-караттық алмас. Ол кезінде әлемдегі ең ірі алмас болған-ды. Бұған дейін аталған алмас Үндістанның түрлі билеушілеріне тиесілі болыпты. Бүгінгі таңда ол британдық корольдік отбасы иелігінде және тәждің  құнды бөлігі болып саналады.

Кохинур алмасы британдық корольдік отбасына қолына тиген кезде, оның салмағы 186 карат (37 грамм) болған екен. Альберт ханзада алмас өңдейтін жақсы атағы бар шеберді іздейді және Нидерланды еліне аттанып, Кантор есімді мырзаға алмасты бедерлеу миссиясын тапсырған екен. Кейін алмас королева Викторияға сый ретінде табысталған. 

Алмас королева тәжіндегі асыл тастардың бірі болды және оның соңғы рет оны Елизавета Боуз-Лайон Үндістан патшайымы болуы құрметіне киген екен.

3. Дон Педро (Don Pedro) жасыл ақығы, әлемдегі ең ірі жасыл ақық

Бүтін бір кесектен ойылып әшкей салынған әлемдегі ең ірі жасыл ақық Вашингтондағы тұрақты көрмеде Хоуп Алмасы (Hope Diamond) мен Мария-Антуанеттаның (Marie Antoinette) сырғасы жанында тұр.

1980 жылдары бразилиялық пегматиттен табылған және бразилиялық екі патшаның құрметіне аталған Дон Педро жасыл ақығы Смитсон институтының табиғи тарих Ұлттық мұражайында ерекше орынға ие.

Ескерткіш формасындағы жасыл-көк асыл тасты атақты неміс тас қырнаушысы Бернд Мунгтайнер өңдеп шыққан екен. Тастың биіктігі 35,5 сантиметрді құрайды, ал оның 10 363 карат немесе екі келі. 

4. Әлемдегі ең үлкен інжу

Әлемдегі ең үлкен жылтыр інжу 2010 жылы 21 қараша күні Оңтүстік Қытай, Хайнань провинциясының Вэньчан қаласында көрсетілген болатын. Салмағы 6 тонна, ал диаметрі 1,6 метр болатын осы бір асыл тас тарихта табылған інжулердің ішіндегі ең ірісі. Аталған асыл тас 301 197 000 долларға бағаланып отыр екен. Қытай елінде әнжу гауһар тасқа қарағанда жоғары бағаланады.

Тас қараңғыда жасыл түспен жылтырлайды-мыс.

5. Алқызыл Графф (Graff Pink), әлемдегі ең қымбат алқызыл алмас

Лоуренс Графф әлемдегі асыл тастар мен алмастардың басты дилері болып есептеледі және 2010 жылы ол 24,78 караттық алқызыл алмасты сатып алу арқылы өз атағын тағы бір рет растаған болатын.

6. Таңғажайып Нәзік Каролина (Ethereal Carolina Divine), әлемдегі өңделген ең ірі  параибтық турмалин

Монреальдық қаржыгер Винсент Буше Таңғажайып Нәзік Каролинаның иегері болып саналады. Аталған асыл тастың салмағы 192 карат және оның құны 25-тен 125 миллион долларға дейін бағаланып отыр. Таңғажайып Нәзік Каролина өңделген ең ірі параибтық турмалин ретінде әлем рекордын орнатыпты.

Параиб турмалині  әлемде ең сирек кездесетін асыл тастардың бірі болып саналады. 10 000 алмасқа тек бір ғана параиб турмалині келеді-міс (турмалиннің көп бөлігі соның ішінде Бушенің асыл тасы да табылған бразилиялық аймақтың атауымен аталған) және қазіргі таңда осындай асыл тастың небәрі 50 келісі ғана табылған. 

7. Өңделмеген 478 караттық алмас

478 караттық алмас Оңтүстік Африкада орналасқан шағын Лесото корольдігіндегі (Lesotho) Летсенг алмас шахтасында (Letseng Mine) табылған. Аталған алмас әлем бойынша үлкендігі жағынан жиырмасыншы және ол әлемдегі ең ірі үш алмасы табылған шахтадан алыныпты: 603 караттық "Үміт Лесото", 493 караттық "Летенг мұрасы" және 601 караттық "Қоңыр Лесото".

8. Әлемдегі ең қымбат асыл тас аукционда сатылды

Әлемдегі бірегей асыл тастардың бірі ретінде танылған мұтаздай таза көгілдір алмас 2007 жылы әлемдегі ең қымбат асыл тас атағына ие болған-ды. 6,04 караттық тас Гонконгтегі Сотбис аукционында 7,98 миллион долларға сатылған болатын. Мұнтаздай таза көгілдір алмас каратына 1,32 миллион долларлық бағамен сатылды.

Бақытты сатып алушы ретінде лондондық «Moussaieff Jewelers» компаниясы болды. Көгілдір алмастар өзінің ырқына бағындыра білуге негізделген биік беделімен қалтасы қалың азаматтардың қызығушылығын арттыратындығымен танымал. Бұл ең ірі тас болмағанымен, оның шебер жасалынған бедерлеуі мен "ашық көгілдір" түсі өз бағасын ақтап тұрғаны сөзсіз. 

9. «Баия» меруерті (Bahia Emerald), әлемдегі ең ірі тас

"Байя" бұл әлемдегі ең үлкен меруерт болып саналады. Салмағы шамамен 381 келі (1 900 000 карат) болатын асыл тас Бразилияның Баиа штатында табылды. Нью-Орлеандағы қоймада сақтаулы тұрған кезінде тас 2005 жылы болған Катрина құйыны кезіндегі су тасқынынан кездейсоқ аман қалған. Ақырында 2008 жылдың қыркүйек айында Калифорния штатының Саут-эль-Монте қаласындағы қорғауда болған қоймадан ұрланғаны жайлы хабар тарайды. Сол уақытта тастың құны 400 миллион долларға бағаланғанымен, оның шын құны әлі күнге дейін беймәлім қалуда. Тіпті, бір уақытта аталған меруертті eBay аукционына 75 миллион долларға қойылған-ды.

Тасты Бразилиядан АҚШ еліне тасымалдағаннан соң, оны бірнеше рет сатпақ болған алайда сатылымға оны иелену құқығы кедергі тудырған болатын. Ақырында меруерт асыл тас дилерінен алынып, Лос-Анджелестегі шериф департаментінің қарауына берілді. 

10.  Мусаевтың қызыл гауһар тасы (Moussaieff Red), ең атақты қызыл алмас

Бір уақытта Қыхыл алмасты қалқан ретінде танымал болған Мусаевтың Қызыл алмасы - әлемдегі ең ірі қыхыл алмас болып саналады. Оның көлемі 5,11 каратты құрайды. 1990 жылдары Бразилияда табылған алмас үшбұрышты гауһар бедерлеуіне ие. Тас соңғы рет 2003 жылы Смитсон мұражайында өткен "Гауһар тастың асқан әдемілігі" атты көрмеде көрсетілді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: first-click.ucoz.net

2588 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 07 маусым 2014, 11:56
Пікірлер
+0
07 маусым 2014, 23:35

Ех, біреуі менде болса ғой )))

+0
08 маусым 2014, 22:57

Шіркін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев