Өрмекші торынан жасалған скрипка

Өрмекші торынан жасалған скрипка

Бір көзбен қарағанда бұл әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ қарапайым скрипка ғана. Алайда одан шыққан дыбыс мүлдем өзгеше: аспаптың тембрі әлдеқайда қоңыр да терең. Басты себебі скрипка ішегінің өрмекші торынан жасалуында.

Ішек әрқайсысында бес мың өрмекші торы бар үш жіптен тоқылған. Үшеуі де бір жаққа, ал өз араларында – екінші жаққа айналдыра бұралған. Осындай тоқыманың арқасында жіптер арасында ауа қалмайды, сәйкесінше ішек берік болады екен.

Осы бір «өрмекші» скрипканы жапондық химик Сигееси Осаки жасап шыққан. 35 жасында ол хирургиялық жіп немесе бронежилет маталарын жасауға қолдану мақсатымен өрмекші торының қаншалықты берік екенін тексеріп шығыпты.

Ғалым керекті өрмекші торын өз бақшасында ұстаған 300 Nephila maculate-тен алады екен. Ағаш өрмекшілерінің осы бір үлкен түрі торының күрделілігімен ғана ерекшеленіп қоймай, өзінің көлемімен де таң қалдырады – аталған өрмекшілердің ұзындығы 17 сантиметрге дейін жетеді екен. Бұл Жапониядағы ең ірі өрмекшілердің бірі.

Өрмекші ішегі – әдеттегі нейлондыққа қарағанда анағұрлым берік екен. Ол 600 келіге дейінгі салмақты ұстай алатын көрінеді. Сонымен қатар, жоғары температура мен ультракүлгін сәулеге төтеп береді екен.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: liveinternet.ru, birdsphotographer.com

Ж. FM