Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / АҚШ полициясы жайлы 10 дерек

АҚШ полициясы жайлы 10 дерек

АҚШ полициясы жайлы 10 дерек

10-орын: Жалпы «АҚШ полициясы» деген тіркес жоқ. Мұнда полиция штаттардың атынан қызмет атқарады. Олар бір-бірінен тәуелсіз қызмет көрсетеді. Олардың киімдері де, құрамы да өзгеше болуы мүмкін.

9-орын: Жұмысқа жаңа тұрған адамның жылдық айлығы – 40 мың доллар екен. Уақыт өте оның айлығы көбейе бермек. 1,5 жүктемесімен жұмыс жасайтындардың өзі қосымша жұмыс үшін ақша ала алады.

8-орын: Офицердің демалысы жұмыстың алғашқы 3 жылында 20 күнге жетеді, ал 4-жылдан бастап бір аптаға артады. Яғни, 26 күн деген сөз. 

7-орын: Полицияға қызметке тұрған адамға «офицер», не болмаса «детектив» деген дәреже беріледі. Аталған дәреже дәрежелердің ішіндегі ең төмені саналады және полицейлердің 90 пайызы осы бір дәрежемен зейнетке шығып жатады. 

6-орын: Жаңа полиция басқармасына ауысу немесе жай ғана қызметке тұру барысында адам қайтадан бастапқы "офицер" дәрежесінен бастайды, бір сөзбен айтқанда, бар жолды қайта еңсеруі тиіс. Ескі полиция басқармасындағы дәреже сақталмайды. 

5-орын: АҚШ-қа барсаңыз полицейлерге ақша беруден аулақ болыңыз. Бұл елдегі полиция жемқорлықтан 99 пайыз таза болып саналады.

4-орын: Америкада "түсінік" туралы түсінік жоқ: полиция қызметкері куәгерлерден сұрақ-жауап алады немесе жәбірленушілерді жалғыз шақырады және олар полицей сөзіне сенеді. Өтірік айтқаны үшін полицейлер 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. 

3-орын: Американдық кинолардан беймәлім бір полицей қызмет-таңбасын (значок) көрсету арқылы, келесі бір адамның көлігін, не болмаса мотоциклын тартып алып жатады. Дәл солай екені рас: азаматтар қажет кезде өз транспорттық көліктерін ұсынуы тиіс.

2-орын: Фильмнен көп көретініміздей, тұтқындалғандар адвокатты шақыртуды талап етіп жатады. Тұтқындалған жан жеке адвокаты болып жатқан жағдайда, талап етуге құқылы. Әйтпесе, адвокатымен сот ісі барысында алғаш жолығысатын болады. Тегін адвокат қалтасы көтермейтін азаматтарға арналған. 

1-орын: Отбасылы жандар бір полиция бөлімшесінде жұмыс істей алмайды. Бұл ішкі тәртіпке әсер етуі мүмкін делінген. Сонымен қатар, отбасылы жандар бірге болған тұста кәсібилікке мін келеді-міс. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: full.visitagratis.com 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2013, 11:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.