Ақылға қонбас ақиқаттар

Ақылға қонбас ақиқаттар

Болжамдардың көбі тұжырымдалған шақта, олар ақылға қонбайтын қиял болып көрінген еді. Бірақ, бір таңғаларлығы, олардың бәрі болжамдағандай іске асқан.

1660 жылдардан: "Адамдар органдарын бір денеден екінші денеге ауыстыратын уақыт келеді"

Атақты физик, химик және дін маманы Роберт Бойльдің 1660 жылдарға сәйкес келетін қолжазбасында ауру-сырқатты қашықтықтан немесе органдарды ауыстыру арқылы емдеуге болатын болашақ жайлы жазылған.

Бойльдің Ағарту заманына дейін, магияның өркендеуі кезеңінде өмір сүргенін ескерер болсақ, органдарды ауыстырып салу идеясы озық ойлау қабілетінің көрінісі болған.

Сонымен қатар, Бойльге тағы бірқатар таңғаларлық болжам тиесілі - соның ішінде, ол қазіргі GPS жүйесін еске салатын құрылғы жайлы да айтқан екен.

1863 жылдан: небәрі 60 элемент белгілі болған уақытта, орыс химигі периодтық кесте құрып, тағы да 40 белгісіз элементтің барын дәл болжап айтыпты.

Дмитрий Менделеев өз заманында белгісіз химия элементтерінің ашылатынын таңғаларлық дәлдікпен болжап айтыпты. Ол өзінің зерттеу жұмыстарын 1863 жылы бастаған. Ол уақытта ғылым тек 60 қана химиялық элементті білсе керек. Содан бері тағы 40-тан аса элемент ашылды.

Химия элементтерін кестеге салмағы мен қасиетіне сәйкес қойған Менделеевтің кестесінен бос торларды көреді. Оның ойынша, кестедегі бос торлардың бәрі толтырылуы қажет еді.

Мәселен, Менделеев германийдің ойлап табылатынын болжап біліпті және оған атау да қойған көрінеді. Бұл элемент 1886 жылы ашылған болатын.

1865 жылдан: Жюль Верн адамның Айға баратынын болжаған. 

1865 жылы, «Апполон 11»-дің Айға ұшуына 100 жыл уақыт бұрын, француз жазушысы Жюль Верн «Жерден Айға тура жолмен 97 сағат 20 минутта бару» («С Земли на Луну прямым путём за 97 часов 20 минут») деп алатын ғылыми-фантастикалық роман жазған.

Аталған романда Айға ұшудың егжей-тегжейлі түсіндірмесі жазылған екен: ғарыш кемесінің Флоридадан жіберілетіні, оның аты, борттағы астронавттар саны және олардың бастарынан кешкен салмақсыздық сезімі. 1865 жылы Верн ғарыш кеңістігінде ауырлық күшінің қалай сезілетін білуі мүмкін емес-ті.

1898 жылдан: Титаниктің апатқа ұшырауын болжаған новелла

1898 жылы жазушы-новеллашы Морган Робертсон «Әурелік немесе Титанның күйреуі» («Тщетность или крушение Титана»)  деп аталатын шағын әңгіме жазған екен. Кітапта кеме көлемі және оның айсбергпен соқтығысқаннан кейін су астына кететіні жазылған.  

Титаник Робертсонның осы кітабы жарыққа шыққаннан соң 14 жылдан кейін батып кетті.

1909 жылдан: Никола Тесла сымсыз дербес құрылғылардың пайда болатынын айтқан 

"Жақын арада хаттарды әлем бойынша сымсыз жеткізу мүмкін болады. Мұның оңай болатындығы соншалық, қарапайым адам өз аппаратын басқара да және оны иемдене де алады", - деп айтқан Никола Тесла 1909 жылы New York Times-ке берген сұхбатында.

Из 1914: Герберт Уэллс атом бомбасының пайда болатындығын айтқан 

1914 жылы Герберт Уэллс «Азат етілген әлем» атты новелла жазды. Аталған новеллада қаланың атом бомбасымен қиратылғанын сипаттайды. Сол уақытта Уэллс атом бомбасының жарылысы шын мәнісінде қандай болатын біле алмаған, дегенмен де, радиоактивті элементтер жайлы біршама хабардар болыпты.

1988 жылдан: Айзек Азимов біздің интернет арқылы білім алатынымызды айтқан

Жазушы-фантаст Айзек Азимовтың 1988 жылы берген сұхбаттарының бірінде, интернеттің пайда болатындығын айтыпты: Дәлірек айтсақ, ол студенттердің әмбебап ақпарат көзіне еркін кіре алатын жүйені сипаттап берген.

Азимов компьютерлер арқылы адамның әлемнің кез келген кітапханасына кіру мүмкіндігіне ие болатынын және компьютердің "адамзат жинаған барлық білімге еркін кіру формасындағы оқытушы" болатынын болжаған екен.

Азимов білім беру жүйесінің жетілдірілуі мәселесі жайлы уайымдап, осы мәселені шешу жолын онлайн-білім беруден көрген.

«Адамдардың білім беру деп жүргендері – жәй ғана дайындау ғана. Балалар бір нәрсені бір уақытта, бір қарқынмен, бір сценарий бойынша оқуға мәжбүр. Бірақ олардың бәрі әртүрлі. Біреуі ақпаратты тез қабылдап алса, басқа біреуі – ақырын қабылдайды, ал үшінші оқушыға тағы бір рет түсіндіріп беру қажет болуы мүмкін...».

1993 жылдан: AT&T телекомпаниясының бағдарламсында бүгін біз білетін планшеттердің пайда болатыны айтылды.

1993 жылы американдық AT&T телекомпаниясы жалпы атауы «You Will» болған қиялдағы технологиялық құрылғыларға байланысты жарнама роликтерінің сериясын шығарды. Жарнама роликтерінің бірінде факсты жағажайдан жіберуге болатын құрылғы көрсетілген. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: diapazon.kz

Ж. FM