Ғарышкерлерге жылауға тыйым салынады

Ғарышкерлерге жылауға тыйым салынады
Фото: youtube.com

Ғарышты игерген алғашқы жылдары ғалымдар қауымы өте маңызды мәселеге тап болды. Туғанынан бері Жердегі өмірге икемделген адамдардың ғарыш әлеміндегі психологиялық күйі кім-кімді болсын алаңдатады. Сондықтан да, мамандар мүмкін болатын барлық психологиялық ауытқуларды қарастырды.

Әртүрлі ауыр ойлардан арылып, өзіңе келудің бірден-бір жолы – жылап алу. Мұны ғалымдар біледі. Олар психологиялық қиындықтар туған кезде, ғарышкердің жылап алуына қарсы болмады. Тіпті, көз жасты ең керекті деп тауып, ғарышкерлерге де бірнеше рет ескертті.

Өкінішке орай, тәжірибеде бәрі де басқаша болып шықты. Штаттық ғалымдар тартылыс күшінің жоқ екендігін ескермеген екен.

«МИР» станциясындағы тәжірибелер барысында жылауға бел буған ғарышкерлер көз жастың көзден ақпай, ұсақ дөңгелектер қалпында сақталып қалатындығын байқаған. Тұзды сұйықтық көзде қалып қойды.

Мұнымен қоймай, ол тартылыс күшінсіз бойда тітіркенулерді туғызып, ішті қыздырған екен. Содан бері денсаулықта қиындықтар туғызбас үшін, ғарышкерлерге жылауға "тыйым салынады".