Қазақстандық оқушылардың жағдайы қалай?

Қазақстандық оқушылардың жағдайы қалай?

HeadHunter зерттеу орталығы 1 қыркүйек қарсаңында қазақстандық 3234-ке жуық ата-аналар арасында сауалнама жүргізген болатын. Нәтижесінде, 25% ата-ананың қаражаты баланың тамағына, киіміне және білім алуына ғана жететіндігі анықталды. Ал қосымша үйірмелер мен сабақтарға, демалысқа қаражат мүлде жетпейді екен.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардың 22%-ы бала-шағасының ештеңеге мұқтаж емес екендігін айтқан. Дәл осындай көрсеткіштегі тағы бір топ ата-ана барға қанағат ететіндігін, ал қалғандары баланы тым еркелету, артық шашылу екендігін мәлімдеді. 23% ата-ана табысының тек киім мен тағамға ғана жететіндігін айтса, 6%-ы тек ең қажеттіге ғана әзер жеткізетіндігіне өкінеді.

Бар болғаны 2% сауалнама қатысушылары отбасы табысының күнделікті өмірге ғана жетіп қоймай, болашақты да қамтамасыз ете алатындығын айтып қуантып қойды.

Осыдан кейін hh.kz мамандары кез келген жастағы және кемінде бір баласы бар жұмыс істейтін ерлер мен әйелдердің жауаптарына жеке-жеке зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде, әкелердің 27%-ы өз баласын толықтай қамтамасыз етілген деп ойласа, аналардың 22%-ы ғана осы оймен қосылады. Жоғарыда киім мен тағамға, баланың білім алуына ғана қаржы жетеді деген жауапты айтқандардың да басым көпшілігі әйелдер қауымы екен. Есесіне, демалыс пен қосымша сабақтарға шамасы жетпейтіндігін мәлімдеп, шағым айтқандардың басым бөлігі аналар болып отыр. Қысқасы, ана баланың болашағын алаңдаулы, ал әке керісінше, позитивті бағытты ұстанады, яғни, баланың болашағына кәміл сенеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: altaynews.kz