Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Вейценбаумның интернет төңірегіндегі түйіндері

Вейценбаумның интернет төңірегіндегі түйіндері

Вейценбаумның интернет төңірегіндегі түйіндері

1966 жылы Тьюринг тестінен шабыт алған Джозеф Вейценбаум өзі «Элиза» деп атаған бағдарламаны жазып шықты. Осы бір виртуалды әңгімелесуші психотерапевт секілді болып, белсенді тыңдау техникасының көмегімен қолданушымен тілдесе алады. Аталған бағдарлама кеңінен танылып, жасанды интеллект мәселесіне жаппай қоғамдық қызушылық тудырды. Ал осы бағдарламаны жасап шыққан ғалым болашақ технологияның басты сыншыларының бірі атанған болатын. Назарларыңызға аталған ғалымның компьютерге қатысты айтқан сөздерін ұсынамыз.

"Интернет - қоқыс жәшігі секілді". Өкінішке орай, оның ішінде көп адам жүреді, біреудің бағы жанып, алюминий кесегін немесе сатып жіберуге болатын басқа бір затты тауып алатын шығар. Бірақ, жалпы алып қарағанда – ол бәрібірде қоқыс. Оның ішінде алтын мен інжу бар, бірақ олар дұрыс сұрақ қоя білетіндерге бұйырады.

Джозеф Вейценбаум, американдық ғалым, бағдарламалау саласының нағыз маманы, Массачусетс технологиялық институтының профессоры, «Элиза» жасанды интеллект бағдарламасының авторы.

"Компьютер әскери мақсатта қолдану үшін ойлап табылды". АҚШ-та бірінші толықтай дерлік компьютер баллистикалық траекторияларды есептеу үшін жасалған, ал Англия елінде – әскери кодтардың мағынасын ашу үшін. Карл Зюс өзінің компьютерін әскери ұшақты жобалау кезінде туатын математикалық есептерді шешу үшін жасап шыққан. Байқағаныңыздай, аталған үш жағдайда да компьютер әскери-өнеркәсіптік кешендерде қолданылған. Содан бері компьютерлік технология саласындағы ғылыми зерттеулердің едәуір бөлігі тікелей немесе жанама түрде әскер тарапынан қаржыландырып отырған.

Сонымен қатар, адамзатты жер бетінен түбегейлі жойып жібере алатын заманауи қару-жарақ компьютер болмағанда ойлап табылмайтын еді, ол былай тұрсын, олар қажетті нысанаға дәл жете алмас еді. Компьютер – жауынгерден басқа бүкіл әскери жүйенің жүрегі.

"Бағдарламашы – бұл әлем жаратушысы". Тарихта ешбір драматург, режиссер немесе патша спектакльдің қойылымы кезінде немесе майданда толықтай дерлік билікке және өз қарауында ісіне адал актерлер мен әскері болмаған.

"Адам – машина емес". Ол ақпаратты өңдеуге қабілетті болғанына қарамастан, өңдеуді компьютер секілді жасайтыны нақты емес. Компьютер мен адам – түрлі тіршілік иелері. Бүгін немесе келешекте компьютер адам айтқысыз интеллектуалды белестерді бағындырса да, интеллекттің осы бір түрі әрдайым адамның шынайы мәселелері мен жұмысына жат болуы тиіс.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: wikipedia.org

1546 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2013, 12:37
Пікірлер
+0
04 қыркүйек 2013, 12:49

"Интернет - қоқыс жәшігі секілді" деп тауып айтқан)

+0
04 қыркүйек 2013, 13:14

Бағдарламашы жайлы айтқанын түсіне алмадым... :?

+0
04 қыркүйек 2013, 13:55

Дұрыс айтылған ойлар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...