Ең, ең кішкентай...

Ең, ең кішкентай...

Кішкентай дүниелер өзінің көлеміне қарамастан, бізді эстетикалық түрде қуантып қана қоймай, қажеттіліктерімізді өтей алады. Тек қана алпауыттар мен мықтылардың дәурені тасып тұрған заманда бұл да бір назар аударуға тұрарлық жаңалық деп санаймыз. Сондықтан да, назарларыңызға әлемдегі ең кішентай заттардың тізімін ұсынып көрмекпіз. Олардың барлығы дерлік жасанды және өздерінің қалыпты көлемдегі "әріптестері" секілді функционалды келеді.

10. Тапанша

Компания сайтындағы мәліметтер бойынша, швейцариялық қысқа-тапаншаның барлық функциялары қарапайым көлемдегі тапаншамен сәйкес келеді екен. Аты айтып тұрғандай, қару және оның құрылғылары Швейцарияда жасалған. Елдің сағат жасаудан қандай жетістіктерге жеткенін жақсы білесіз, сондықтан да флэш-карт көлеміндегі тапаншаның да сапасынан күмәнданбауға болады.

9. Темір жол моделі

Шағын ауылдың диаграммасы өзінің кішкентай көлемімен ғана емес, бейнеленген объектердің шынайылығымен де таң қалдырады. Пойыз трегі мен бес вагон үздіксіз айналып тұрады. Пойыздың әлемдегі ең кішкентай моделін Дэвид Смит есімді азамат 12$ долларға жасап шығарды.

8. Мини-авто

Peel P50 Microcar автокөлігі ең алғаш рет 1962-1965 жылдары кең танымалдылыққа ие болған. Араға ұзақ уақыт салып, яғни 2008 жылы Джереми Кларксон шағын көлікті британдық танымал Top Gear бағдарламасына шығарғаннан кейін, елдің назары оған қайтадан ауа бастады. Бұл көлік Ұлыбританияда 200 фунт стерлингке сатылған екен. Онда үш дөңгелек, бір орындық, бір есік және бір фар бар.

7. Камера

2011 жылы Fraunhofer Неміс институтының зерттеушілері бір рет пайдаланылатын камераларды ұсынды. Бір қарағанда, сізді аса әсерлендіре қоймаса да, оның медицина саласында пайдасы шаш етектен екенін біліңіз. Бұл камералар арқылы адамның ішкі ағзалары бақыланады. Теңдессіз құрал ретінде үлкен бағаға да ие болып отыр. Олардың көлемі – бір шаршы миллиметр. 

6. Дербестендірілген компьютер

Норвегиялық FXI технологиясы таяуда сатылымға дербестендірілген микро-компьютерді шығарды. Сіздің алдыңыздағы суретте USB-жинақтаушы емес, бұл сиқырлы құрылғыда кіріктірме микро-USB порт бар.

5. Шағын қайық

Швециялық Свен Юрвинд қайық құрастырудан аты шыққан өте сыйлы ұстаз. Дәл қазір ол күллі әлемге саяхат жасайтын қайық жасап жатыр. Бұл жай ғана қайық болмайды, бұл көлемі шамамен гидромассажды ванна секілді болатын мұхит көлігі болып шығады. Өзінің туындысы арқылы Свен жарты жылдың ішінде жер шарын айналып өткісі келеді.

4. Телевизиялық экран

2007 жылы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең кішкентай телевизиялық экран енгізілді. Оны шотландиялық MicroEmissive фирмасы жасап шыққан. Ғылым мен техника сәт сайын, сағат сайын дамып жатқандығымен, бұл экран өзінің рекордтық орнын ешкімге босатып бере қоймады.

3. Реактивті ұшақ

1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың ортасында Bede авиақұрылыс компаниясы американдық ұшақ құрастырушы Джим Беданың басшылығымен осындай шағын ұшақтардың көшірмесін шығарды. Шамамен 5000 данасы сатылымға қойылды. Bede BD-5J ұшағы әлі күнге дейін ең кішкентай реактивті ұшақ саналады. Оның салмағы – 350 фунт.

2. Шағын қоңыз


Робот қоңыздың тыңшылық саласында атқаратын еңбегі зор. Өте кішкентай көлемдегі темір қоңыз техника саласы үшін көптеген мүмкіндіктер тудырып отыр.

1. Жасанды жүрек

Роберт Ждарвик есімді дәрігердің басшылығымен жасалған жасанды жүрек – ғылымның ең үлкен жетістіктерінің бірі. Батарея көлеміндей келетін жасанды жүрек ең кішкентай науқастарға арналады.

Суреттер: byaki.net

Дайындаған: Сматуллаева Айгерім