Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Әлемге кең таралған мифтер. 1-бөлім

Әлемге кең таралған мифтер. 1-бөлім

Әлемге кең таралған мифтер. 1-бөлім

Американдық танымал журнал  Live Science – халық арасында тараған танымал мифтерді анықтамақ оймен өз оқырмандары арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде пайда болған сұрақтарға журнал басшылығы ғалымдардың көмегіне жүгініп, сол сұрақтарға жауап берулерін өтінді. Өкінішке орай, айтылғандардың көбісі мүлдем негізсіз деп табылып, жалған болып шықты. 

Тауық бассыз өмір сүре алады - Рас

Шынында да бассыз қалған тауық 1-2 минут өмір сүре алады. Ол тіпті жүгіріп, ұшып кетуге де талпынады. Бұны былай түсіндіруге болады: Бассыз қалған тауық көптеген рефлекстерге жауап беретін ми бөлігін сақтап қалады. Аталған фактіге байланысты танымал дәлел де бар: Бір тауық бассыз 2 жыл өмір сүрген. Мүмкін «мисыз тауық» тіркесі де осыдан кейін пайда болған шығар.

Адам миы тек  10 пайызға жұмыс істейді - Өтірік

Осы жалған факт бір ғасырдай уақыт өмір сүріп келеді. Қуанышты мүмкін өкінішті де шығар, дегенмен, ол өтірік. Миды магниттік-резонанстік зерттеу нәтижесінде, ми қыртыстарының көп бөлігі адам өмірінде белсенді қызмет атқаратыны анықталған. Тіпті адам миы ұйықтап жатқан кезде де жұмыс істейді. Сондықтан адам миы жүз пайызға істейтін болса, адам құстай ұшатын болады деген сияқты аңыздарға сенудің қажеті шамалы. Одан да баспен ойланған дұрыс.

Ғарышта гравитация жоқ - Өтірік

Бұл өтіріктің пайда болуына басты себепкер болған «салмақсыздық» және нөлдік гравитация» тіркестері. Гравитация барлық жерде бар және тартылыс күші барлық адамдарға бірдей әсер етеді. Ғарышкерлердің ғарышта самғауларының себебі де олардың ғарыш кемесімен бірге әрдайым Жерге тартылуында. Гравитация Жерден қашықтаған сайын азаяды, бірақ ешқашан жоғалмайды. 

Мак қосылған тоқаш нан жеу – апиын шегумен бірдей дерлік - Рас

Таңырқарлық нәрсе, бірақ айтылған сөздің жаны бар. Мак қосылған тоқаш нан сізге апиын шегетін адамдардың ләззаты мен қуанышын сыйламаса да, есірткі тексеру органдарында қиындық тууы мүмкін. Егер адам осындай тоқаш нандардың бір-екеуін жегеннен соң, одан қан анализін, апиын тестін алатын болса, анализ көрсеткіші апиын шеккен деген оң нәтиже беруі мүмкін.

Зәулім ғимараттан тасталған мәнет адам өлтіреді - Өтірік

Қарапайым мәнет аэродинамика күші жағынан қарағанда, ең қауіпті қару болып есептелінбейді. Желдің және ауа кедергісі салдарынан мәнет адамға айтарлықтай жарақат әкеле алмайды, тіпті биіктігі 380 метрге  жететін Empire State ғимаратынан лақтырылса да. Сондықтан егер сіз өзіңізге қастық ойлайтын адамыңызбен мәселені шешкіңіз келсе, дұрысы сол мәнетке кірпіш сатып алған жөн.

Жалғасы бар

Сурет: filmi-onlain-smotret-besplatno.ru

6284 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 18:30
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 19:28

магың жаман ойландырып қойды ғо :|

+0
04 сәуір 2012, 20:20

опыт жасап көрсей :D

+0
04 сәуір 2012, 21:40

Міне, қызық!

+0
05 сәуір 2012, 06:55

Зәулім ғимараттан тасталған мәнет адам өлтіреді :lol: канешна өтірік

+0
05 сәуір 2012, 07:57

хех, жалғасын күтейік :D

+0
05 сәуір 2012, 09:29

Тауықтардыкі ең қорқынышты сияқты.Өзіміз білмейтін кездері тауықты құрбандыққа шалайық дегенбіз,сатып алуға барсақ өздерің ұстап алыңдар,-деді.Не керек әрең дегенде ұстап,өтпейтін балта болды ма екен басын 1-2рет шауып(қалжың ғой),әлі безілдеп жүр.Бізде жан жоқ.Не керек сонда да тауық етін жақсы көреміз))

+0
05 сәуір 2012, 10:40

Мәнет деген сөзді түсінбей отырғаным? :roll: :?:

+0
05 сәуір 2012, 14:40

Монета ғой

+0
07 сәуір 2012, 12:26

мүмкін баріде

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...