Ең қымбат 3 ұялы телефон

Ең қымбат 3 ұялы телефон

Англияның атақты зергері Стюарт Хьюз әлемдегі ең қымбат ұялы телефонды әрлеу үшін тер төгіп, нәтижесінде, Goldstriker iPhone 3GS Supremе атын еншілеген мына бір (жоғарыдағы суретте) телефон дүниеге келді. Ұялы телефон алтынмен апталған.

Жарқыраған бриллиантты телефонның "Apple" логосы 53 бірдей қымбат таспен қапталған. Ұялы телефонның құны – 3.2 миллион АҚШ доллары.

Швейцария шеберлерінің қолынан шыққан GoldVish Le Million атты мына бір өзгеше дизайнды ұялы телефон да әлемдегі ең қымбат байланыс құралының бірі болып саналады.

Қымбат бриллианттар мен ақ алтын, қолтырауынның сапалы терісімен қапталған ұялы телефон Гиннес рекордтар кітабына енген. Телефон 1 миллион 300 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.

Питер Алойссонның Diamond Crypto Smartphone атты мына бір туындысы болса, алқызыл алтыннан жасалған батырмаларымен ерекшеленеді. Ортадағы батырмада 18 караттық бриллиант жарқырап тұр. Телефонның қалған бөлігі таза платинамен апталған. 1,3 миллион АҚШ долларына тең телефонмен сөйлескен адамды тіпті халықаралық мафиялық ұжымдар да тыңдай алмайды екен. 

Ұялы телефон нарығы осылайша тосын сыйларымен таңғалдырудан шаршайтын емес. Мұндай телефондармен сөйлескен де арманда, сөйлеспеген де арманда. Ең ерекше ұялы телефондарға да көз жүгірте отырыңыз. Бәлкім Сіз күндердің бір күнінде осы ұялы телефондардың біріне ие болып қаларсыз?!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: goobull.com, extravaganzi.com, polyvore.com

М. Оңғарова