Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғасыр ұрлығы. Мона Лизаны ұрлаған кім?

Ғасыр ұрлығы. Мона Лизаны ұрлаған кім?

Ғасыр ұрлығы. Мона Лизаны ұрлаған кім?

Жақында сіздерді Леонардо да Винчиді әлемге әйгілеген "Мона Лиза" туындысымен таныстырған болатынбыз. Бұл сурет төңірегінде өрбитін қызықты деректер өте көп. Кейбір жылнамашылар суретте Лиза Герардинид кескінделген десе, енді біреулер Флоренциядан келген жібек сатушысы Франческо дель Джокондоның жары бейнеленген дейді. Енді біреулер бұл суретте Леонардо өзін әйел кейіпінде салды деген пікірді алға тартады. Расымен, бұл суреттің айналасы шешілмеген сиқыр мен адамға беймәлім деректерге толы. Ертеректе айтып кеткеніміздей, бұл портретті Лувр мұражайынан белгісіз біреу ұрлап алған болатын. Кейін ол кісінің есімі анықталды. Ендеше, әйгілі Джоконда жайлы тағы бір қызықты дерекке көз салыңыз...

1911 жылдың 21 тамыз күні, осыдан жүз жылдай уақыт бұрын, XVI ғасырда итальяндық Леонардо да Винчи салған әйгілі Джоконда қолды болған еді. Бұл ұрлықты бұқаралық ақпарат құралдары "ғасыр ұрлығы" деп те атап кеткен. Француз тәртіп сақшылары мен тәжірибелі тергеушілер барлық Париждің қуыс-қуысын тінтіп шыққанымен, ештеңе таппады. Қу ұрының кесірінен Лувр мұражайының басшысы орнынан босатылған болатын. Әйгілі портретті іздеумен полицей қызметкерлері екі жыл бойы әлек болып, күндіз-түні ұйқы көрмей, суретті орнына қою үшін қолдарынан келгенін жасаған. Бүкіл дүниежүзіне белгілі портретті ұрлады деген күдікпен Гийом Аполлинер қамауға алынып, уақытша бас бостандығынан айырылған болатын. Бүкіл адамзаттың мәдени мұрасына қол сұққан қылмысқа испандық сәулетші, суретші, дизайнер Пабло Пикассоның да қатысы бар деп көптеген бұқаралық ақпарат көздері шулаған болатын. Пикассоның да мазасы кетті-ау сол кезде. Париж қаласының тәртіп сақшыларындай ұйқының не екенін ұмытқан болар әйгілі суретші. Кейін ол кісінің бұл қылмысқа қатысы жоқ екені анықталды. Бірақ арада екі жыл өткеннен кейін, Джоконда табылып, Францияның мәдени мұрасы әйігілі суретпен қайта толықты. 1913 жылдың 13 желтоқсанында «Уффици» галерея бастығына Леонардо деген кісі: "Джоконданы мен ұрладым!" деген хабар жеткізеді. Леонардоны галерея бастығымен кездесу кезінде Париж тәртіп сақшылары қамауға алады. Қылмыскер Винченцо Перуджиа деген кісі болатын, оның айтуынша, Луврда жөндеу жұмыстары жүрген кезде, ол сырлау жұмыстарымен айналысқан. Мұражай жабылғанға дейін, бір шкафтың ішіне тығылып, кейін портретті ұрлағанын айтты. Перуджианы осындай қылмысқа итермелеген - Отанына деген патриоттық сезімі болатын. Ол Джоконданы Италия еліне қайтаруды қалайтын. Сот шешімі бойынша, Винченцо темір торға 1 жылға қамалды, бірақ тәртібі жақсы болғандықтан, түрмеден 7 айдан кейін шыққан. Алайда, қайтарылған портрет түпнұсқа ма, көшірме ме? Осы сұраққа әлі ешкім нақты жауап бере алмайды.

Сурет: mygazeta.com

3430 10
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 11:02
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 12:11

Не деген жүректі ұры :mrgreen:

+0
03 сәуір 2012, 12:11

СУпер патриот

+0
03 сәуір 2012, 12:23

Ұрлау үшінде әжептеуір өнер керек сиқты ғой :mrgreen:

+0
03 сәуір 2012, 12:25

ақылын көрмисіз ба, шкапқа тығылып :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
03 сәуір 2012, 12:27

:lol: соны айтамын

+0
03 сәуір 2012, 12:40

:) :) :)

+0
03 сәуір 2012, 18:05

мүмкін емес сенбеймін

+0
03 сәуір 2012, 18:12

Неге сенбей отсыңдар?

+0
19 сәуір 2012, 17:42

ЖАКСЫ УРЫ ЕКЕН! БІЗДЕГІ УРЫЛАР ШЕТЕЛ АСЫП КЕТІП ЕДІ, КІМНІН МҮДЕСІНЕ КАПИТАЛДЫ АЛЫП КАШКАНЫН КАЙДАН БІЛЕЙІН. КАЙТАРМАЙТЫНЫ АНЫК!

+0
19 сәуір 2012, 17:44

БІЗДІН ЕЛДЕ ДЕ, ГАСЫР УРЫ АТАГЫН АЛАТЫНДАР БАРШЫЛЫК!....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...