Қайталанатын әдеттер сізде де бар

Қайталанатын әдеттер сізде де бар

Тоңазытқышты ашу, ішін қарап, жабу

Ұялы телефондағы сағатқа қарап, уақыттың қанша болғанын бірден ұмытып қалу.

Пойыз күтіп тұрған кезде, ол тез келіп қалардай релстерге қарау.

Дүкенге қант алу үшін барып, бір сөмке затпен оралу, бірақ қантсыз.

Уақыт өлтіру үшін ауа тазартқыштағы жазуларды жүз рет оқу.

Лифт жылдам келуі үшін батырманы баса беру.

Ұмытып кетпес үшін кілтті қалтаға салу, ал кейін ұзақ уақыт бойы оны іздеу.

Оқып отырған мәтінді курсормен белгілеу.

Теледидар пультінің батареясы бітіп жатқан кезде батырмаларды қаттырақ басу.

Таңертең тұру үшін 5 оятқыш қойып, бәрібір де кетуге 15 минут қалғанда тұру. 

Әлеуметтік желіге әр 15 минут сайын кіру.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: new-diets.ru

Ж. FM