Жаңа iPhone қыркүйекте таныстырылады

Жаңа iPhone қыркүйекте таныстырылады

Американдық БАҚ өкілдері iPhone смартфонының жаңа нұсқасының таныстырылу күнін анықтады. Ол қыркүйек айының 10 жұлдызында болады деп хабарлайды hitech.vesti.ru.

Болжам бойынша жаңа смартфон iPhone 5S деп аталатын болады. Телефонның сыртқы пішіні iPhone 5-тен еш ерекшеленбейді, алайда ол едәуір жетілдірілген технологияға ие болады-мыс. Айта кетсек, бұдан бұрын жаңа смартфонның 4-дюймдік дисплейін IGZO  технологиясы бойынша Sharp-тың жасап шығатыны анықталған еді. Мұндай дисплейлер телефон батареясын анағұрлым үнемдейтін көрінеді. iPhone 5S-тегі процессор де өзгеріссіз яғни екі ядролық A6 күйінде қалады, дей тұрғанмен оның жиілігі біршама артады (қазір ол 1,3 ГГц-ті құрайды) екен. Сонымен қатар, үш ядролық PowerVR SGX543MP3 графикалық жүйесі төрт ядролық SGX 554MP4-ге алмасады, ал оперативті жадтың көлемі (A6-да процессормен бірге орнатылған) 1 ГБ-тан 2 ГБ-қа артады.

Apple Insider техноблогының мәлімдеуінше, жаңа гаджет саусақ ізі сенсорына да ие болады. Аталған тетік өткен жылы Apple-дің AuthenTec компаниясынан 356 миллион долларға сатып алған технологиясы бойынша жасалады. Оны «басты меню» батырмасына орнасластырады екен. Сенсорды қандайда бір бүлінуден сақтау үшін оны iPhone 5 камерасының объективі секілді жақұтпен қаптайды. Мұндай сенсордың пайда болатындығы жақында iOS 7 бета-нұсқасының коды арқылы анықталған болатын.  

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: matrix-ca.tv

Ж. FM