Джастин Бибер ғарышқа ұшады

Джастин Бибер ғарышқа ұшады

"Virgin Galactic" ғарыш кемесінен орын алған жұлдыздардың тізіміне 19 жасар әнші Джастин Бибер де ілікті. Жерден өзге ғаламшарда болып көруге мүмкіндік беретін аты шулы жобаның жетекшісі британдық магнат Ричард Брэнсон мырза. Брэнсон Твиттерінде «Джастин Бибер мен Скутер Браунның "Virgin Galactic" ғарыш кемесінен соңғы орындардың бірін алғандығы мені қуантады. Болашақ ғарышкерлерді құттықтаймын! Сол жерде жолыққанша» деп жазып қойыпты.

Кеменің басқа да жолаушыларының қатарын Эштон Катчер, Кейт Уинслет жарымен, Леонардо Ди Каприо, Рассел Бренд, Анджелина Джоули, Брэд Питт, Кэти Перри, Том Круз және ғалым Стив Хокинг толықтырды. Ғарышқа билет 200 000 АҚШ долларын құрайды.

Адамзат тарихындағы Жер орбитасына деген 2 сағаттық саяхат 2013 жылдың 25 желтоқсанында алғаш рет болады. Саяхаттаушыларда басқа планетадан Жерді бақылау мүмкіндігі бар.

Дайындаған: Бүйенбай Қарлыға

Сурет: bestin.ua

Қ. Бүйенбай