Ғалымдар: Климаттың өзгеруі қылмыстың көбеюіне алып келеді

Ғалымдар: Климаттың өзгеруі қылмыстың көбеюіне алып келеді

Американдық ғалымдар климаттың өзгеруі мен әлем халқы арасындағы қылмыс санының артуы тығыз байланысты деген қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды BBC News.

Science журналы жақында Үндістандағы болған қуаңшылық салдарынан қылмыстық істер санының артуын алға тартқан баяндама жасады. Одан бөлек, өткен жылы АҚШ-та болған аптап ыстық кезінде де кісі өлтіру мен зорлық-зомбылықтың фактілерінің көбеюі анықтаған. Ғалымдардың ойынша, температураның көтерілуі мен ұлтаралық қақтығыстар, соған байланысты Еуропа және Африка арасында байланыс бар.

Зерттеушілер температура мен жауын-шашын мөлшерінің аздаған өзгерісінің өзі әртүрлі қылмыстардың өршуіне әкеліп соғады деген пікірде. Осылайша олар ғаламдық климаттың өзгеруі әлем бойынша жасалатын қылмыстың артуына себепші екендігіне сенімді болып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rus.ruvr.ru

Б. Қосмағамбет