Тауарды интернеттен сатып аласыз ба?

Тауарды интернеттен сатып аласыз ба?

Қазақстандық интернет қолданушыларына онлайн-сауда әлі де кеңінен таныс емес. Десек те, бұл кәсіп түрін негізгі пайда көзіне айналдырып отырған кәсіпкерлер баршылық.

Қазақстандық жастар онлайн-дүкендердің тұрақты тұтынушысы болып алды. Мәселен, lamoda.kz, quelle.kz, klassmag.com, bonprix.kz, «Arbuz.kz», Planeta.kz, Technodom.kz секілді іздей берсек шыға беретін сервистік сайттар өте көп. Көптеген сайттар «Пони Экспресс», «DPD» немесе «Қазпошта» курьерлік қызметтері арқылы тауар тасымалдайды. ACNielsen компаниясының есептеуінше, 2006 жылғы санақ бойынша, жер бетіндегі он адамның бірі интернет арқылы тауар сатып алады екен. Бұл дегеніңіз 627 миллион адам. Мұның ішінде интернет арқылы сауда-саттықта тасымалданатын ең өтімді тауар – кітап екені қуантады (кітап сатып алушылар саны – 2012 миллион адам). Келесіде өтімділігі бойынша, DVD мен видеоойындар (135 миллион адам). Ендігілері көбіне әуебилеттерін интернет арқылы төлеуді ұйғарады екен. Ал төртінші орындағы ең өтімді тауар киім-кешек, 128 миллион адам шетелдердегі және өз еліндегі онлайн-дүкендерден киінеді-мыс.

Десек те, дәстүрлі сауда-саттықты қолдайтындар да өз кезегінде бұл үрдіске қарсы екендіктерінің бірқатар себептерін айтады.

Онлайн-дүкендердің кемшіліктері:

- Ең бірінші кезекте тауарды интернеттен алу сенімсіздік тудырады;

- Интернет арқылы желідегі жеке есепке ақша салып, оны керекті адресатқа жіберу қиын;

- Тұтынушы тауарды интернет-дүкенде нақты көріп, бағалай алмайды, осы себепті де кейбір категорияларға сұраныс азаяды. Мәселен, парфюмерия, аяқ киім, киім және т.б.;

- Тауарды тасымалдайтын компаниялар әртүрлі қызмет жасайды. Оларды дұрыс таңдау үшін уақыт пен жігер кетеді;

- Абайсызда жеке есеп номерлерін, кредиттік карта мен электронды әмиянның кілтін беріп қою қаупі;

Онлайн-дүкендердің артықшылықтары:

- Бірінші кезекте үйден шықпай-ақ ұнаған тауарды сатып алу мүмкіндігі;

- Сатып алынған тауар көлемі дұрыс болмаса немесе көңіліңізден шықпаса қайтарып беру мүмкіндігі бар;

- Тұтынушы интернет-дүкеннен тауар сатып алу арқылы уақытын үнемдейді, мәселен ол жұмыс уақытында да сауда-саттық жасай алады;

- Алыс-жақын шетелдерден тауар алдыру мүмкіндігі;

- Шегерімдер болған сәтте тауарды бірден интернет бетінен көріп біліп, тапсырыс жасай алу қолжетімділігі;

- Бәсекелес онлайн-дүкендермен салыстырып, тауардың ең арзанын біліп, сатып алуға мүмкіндік бар;

- Интернет-тұтынушыларының саны артып, сапасы да жыл сайын жақсарып келеді;

- Онлайн-дүкенде тауардың қай жақта, қашан, қай өндіріс орнынан кімдерге, қандай көлемде шығарылғаны жайлы толық ақпарат береді.

Онлайн-шопинг ережесі...

  • Тауар сатып алудан бұрын оның көлемін, шығарылған жылын, нақты қандай түсті екенін, қайда жасалғанын анықтап алыңыз.
  • Сіз байланысқан онлайн-дүкеннің шынымен де жұмыс істейтінін анықтау керек, ол үшін сайтта көрсетілген телефон номерін теріңіз.
  • Дүкен туралы адамдардың пікірін біліңіз, сайттағы комментердің мазмұны қандай екенін оқып алыңыз.
  • Электроника немесе тұрмыстық зат сатып алу барысында тасымалдаушы адамдардың көзінше оны іске қосып, көріп алғаныңыз жөн.
  • Тауар үшін төлемақы жасау барысында өз компьютеріңіздің вирусқа деген төтеп бере алу деңгейін біліңіз, себебі интернет алаяқтары қазіргі таңда өте қатты дамыған. Егер кейбір сауалнамаларға жеке ақпараттарыңызды сұраса, бірден жеке телефоныңыз, үй мекен-жайын, тіпті де карта номеріңізді беруден аулақ болыңыз.
  • Онлайн-дүкенде тауар ұнамаған жағдайда қайтарылатынын біліп алуыңыз шарт.
  • Қандай да бір онлайн-дүкен бөтен тұлғаға сіз туралы ақпарат беруге құқылы емес екенін біліңіз.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: club.esetnod32.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жылқы жүрісінің түрлері
Жылқы жүрісінің түрлері
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ
UFC 254: Жеңіске жеткен Хабиб спорттағы мансабын аяқтады
UFC 254: Жеңіске жеткен Хабиб спорттағы мансабын аяқтады