Қылмыс "данышпандары"

Қылмыс "данышпандары"

Бірнеше қылмыскерді бір уақытта дарға асып жазалау. Сиу тайпасы бір уақытта 38 адамды дарға қатар асып жазалаған. Жазалаушы - Уильям Дж. Дьюли, жазаланушылар – үндістер тайпасы. Ал оқиға 1862 жылы 26 желтоқсанда Миннесота аймағының Манкейто қаласында болған. Дәл осындай жаза Гректер төңкерісінде болған. Афинада 1944 жылы 22 шілдеде Грек төңкерісіне атсалысқан 50 қатысушыны дарға асқан. 

Балгерлік үшін соңғы жазаланған адамдар. Швейцария қалалық сотының шешімімен 1782 жылы 18 маусымда Анна Гельди дарға асылған. Есептеуімізше, XVI және XVII ғасырлар аралығында кем дегенде 200 000 балгер әйелдер дарға асылған.

Көпшіліктің алдында жазаланушының басын алу. Эжен Вейдманн. Францияда көпшіліктің алдында адам өлтіргені үшін қылмыскердің басы алынды. Жазалау 1939 жылы 17 маусымда Версаль қаласында жүзеге асқан.

Көпшіліктің алдында жазаланушының басын алу. Хамид Джандуби - гильотинмен (қылмысты адамдардың басын шауып алуға арналған құрал) жазаланушылардың соңғысы. 1977 жылы 10 қыркүйекте Марсель қаласында орналасқан Бомет түрмесінде қанішер қылмыскер гильотинмен жазаланған.

Бас бостандығынан мүлдем айрылғандар. Садамчи Хирасава. Ол 94 жасқа келіп қайтыс болғанынша Жапонияның Сендай түрмесінде 39 жыл отырған. Қылмысы – 1948 жылы ақша ұрлау мақсатымен 12 банк қызметкерін цианды калиймен уландырған.

Бас бостандығынан мүлдем айрылғандар. Лионг Ви Тонг (52 жыл) пен Тан Тиан Тхуен (62 жыл). Ақша ұрлап, адам өлтіргені үшін қылмыскерлер 1987 жылы Индонезиядағы Джакартта ату жазасына кесілген. Ал атылып кетпес бұрын, әрқайсысы түрмеде 25 жылдан отырып шыққан. Бас бостандығынан мүлдем айрылғандар. Чамой Тхипьясо. Тайланд тұрғыны Чамой Тхипьясо заңсыз бизнестің ханшайымы атанған. Банктегі заңсыз әрекетіне қатысты 1989 жылы 27 шілдеде Бангкок соты 141 078 жылға соттаған. Өзімен бірге 7 сыбайласы бар. 

Ұзақ мерзімге сотталғандар. 22 жасар пошташы Габриэль Марч Грандос қызметте жүріп 43000 хатты мекен-жайы бойынша жеткізбеген. Осындай салғырттығы үшін Пальма-де-Майорки соты 400 000 жылға жуық уақытқа соттады. Нақтырақ айтқанда, 42 768 жеткізілмеген хат үшін 9 жылдан. Пошташы темір тордың ар жағына 1972 жылы қамалған, әлі күнге дейін түрмеде.

Ұзақ мерзімге сотталғандар. Джон Гейси. 21 рет біржола бас бостандығынан айырылып, 12 рет өлім жазасына кесілген. Қылмысы – 1972-78 жж 33 жас жігіттерді өлтірген. 1994 жылы 10 мамырда жазаланды.

Ұзақ мерзімге сотталғандар1911 жылы 5 қыркүйекте Нью-Йорк қонақ үйінің жүк тасушысы Поль Гейдель екінші дәрежелі қылмысы үшін сотталған. Бикон қаласының Фишкилл қатаң режимді колониясында 68 жыл 245 күн қамауда болып, 1980 жылы 7 мамырда босап шыққан. 

Ұзақ мерзімге сотталғандар. Билл Уоллес. Ең кәрі қылмыскер Австралияның Виктория аймағындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған ауруханада 63 жыл емделеді. Қылмысы - 1925 жылы Мельбурн мейрамханасында бір адамды өлтіргені. Сот төрағасы психикалық ауруы бар деген шешім қабылдап, емделу бөліміне жібереді. Осылайша Уоллес 1989 жылы 17 шілдеде 108 жасқа толып,  қайтыс болғанша ақыл-есі кемдерге арналған ауруханада бар өмірін өткізеді.

Қылмыскері көп мемлекет. Құқық қорғаушы агенттіктердің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Қытайда 100 000 адамның әрбір 1658-і сотталады екен. Осы күндері 20 миллион қылмыскер түрмеде отыр.

Қылмыскері көп мемлекет. Ал АҚШ-да 100 000 адамның 565-і қылмыскер екен. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: realty-site.com

Қ. Бүйенбай