Тасбақаның ұзақ өмір сүруінің сыры

Тасбақаның ұзақ өмір сүруінің сыры

Жер бетіндегі ерекше тіршілік иелерінің бірі – тасбақалар. Олар орташа есеппен алғанда 200 жылдан астам өмір сүреді. Көптеген адамдар тасбақалардың ұзақ өмір сүруі олардың жай қозғалуына тәуелді деп ойлайды. Ал шындап келгенде ұзақ жасауының құпиясы ішкі ағзаларына байланысты болып отыр. Тасбақалардың ішкі ағзалары қартайған шағында да жастық шақ кезіндегідей жұмыс жасайды екен. 

Жер бетінде ұзақ өмір сүретін тіршілік иесі болғанмен, тасбақалардың жауы көп. Мысалы, теңіз тасбақалары жұмыртқаны жарып енді теңіз бойына жол алған сәтте шағалалар немесе басқа құстар азықтанып той жасай бастайды. Кейбір жыртқыш құстар оларды тырнақ астына алып биікке ұшып, қатты шың-құздарға тастайды. Онымен қоймай көптеген тасбақалар аштықтан өледі. Себебі азығын табу қиынға соғады екен.

Тағы да бір жәйт, ертеректе алып тасбақалар кездескен екені мәлім. Ондай алыптарының сауытын ежелгі Үнді жерінде соғыста қалқан ретінде пайдаланған да көрінеді.

Тасбақаның өзге тіршілік иелерінен ерекшелігі – ұзақ уақыт қоректенбей, су ішпей жүре алатындығында. Арқасындағы мықты сауыты тасбақаны температуралық толқулардан сақтайды. Қыстың қатты аязы мен боранында не жаздың аптапты ыстығында олар тіршілік етуді тоқтатады. Яғни мұндай сәттерде тасбақалар терең ұйқыға кетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет:otvetin.ru

Ө. Сансызбай