Рояльді қалай құрастырады?

Рояльді қалай құрастырады?

Бәріміз күнде көріп жүрген кәдімгі рояльдің жұмыс істеу принципін білсек те, оның қалай жасалатындығы жайлы білмеуіміз мүмкін. Массагет оқырмандарының назарына осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын патенттелген рояль құрастырудың Стенвейлік әдісін ұсынамыз. 

1 Рояльдің сыртқы бөлігі тұтас конструкцияны құрайды. Айта кетелік, 1878 жылы Стенвей бұл әдісті патенттемес бұрын, аспаптың сыртқы бөлігі бөлек-бөлек конструкцияны құрайтын еді. Әдетте сыртқы бөлік үйеңкі ағашынан жасалады. Ағаштың он сегіз парақшасы бір-біріне желім арқылы байланыстырылып бекітіледі. 

 

 екі

 

Содан кейін резонансты дека жасалады. Дека дегеніміз - дауыстың шығуын дұрыстап тұратын аспаптың қақпағы. Деканың бетіне ішектерді ұстап тұратын қосымша ағаш орнатылады. Ағаш өз кезегінде дыбыс толқынын декаға жеткізіп, дауыстың қатты шығуына ықпал етеді. 

Дека әдетте емен ағашынан жасалады. Бұл ағаш 200-ден 400 кг-ға дейін тартуы мүмкін металл ішектерді көтеріп тұра алардай мықты болады. Сонымен қатар, дыбыс толқындарын да жақсы үлкейтеді. 

 в Дека бетіндегі ағашқа тесіктер қойылуы керек. Бұл  жерге аспаптың ішектері бекітіліп тұратын болады. 
 у Аспаптың әдемі көрінуі үшін қолданылатын барлық материалдарды бір ағаштан жасауға тырысады. Әр бөлік маркерленіп, ретіне қарай нөмірленеді.
 в Ретімен аспап ішіндегі шойын раманы ұстап тұратын ағаш құрылымы жасалады. Ол ішектің керілу күшін ұстап тұру үшін керек.
 в  Фортопианоның қырлары шлифтеледі.
 1 Корпус ішіне шойын рама орнатылады. Бір қызығы, рояль ішектерінің керілу күші 16 тоннаға дейін барады екен. Осы күшке төтеп беру мақсатында рама шойыннан құйылады.
 ы Корпус пен шойын рама дайын болғаннан кейін, фортопианоның ішектері орнатылады. Ішектер алдымен арнайы вирбельге кигізіліп, содан соң, рамаға жол тартады. 
 в Ішектерді ұрып дыбыс шығарып тұратын балғашалар жасалады. Әдетте киіз таспадан жасалып, ол мыс формаға бекітіледі. Мыс форма өз кезегінде ағаш формаға кизігіледі.
 1 Ағаш балғаша әдетте отқа қыздырылады. Бұл форма бөтен нәрселердің оңай кигізілуіне ықпал етеді.
 1 Бөтен, жағымсыз дыбыстардың алдын алу үшін ішектерге арнай депфер орнатылады.
 2 Пернелер бір-бірімен дұрыс тәртіппен байланысып тұруы үшін калибрленеді. Жеңіл пернелерге қорғасын бекіледі. Бұл ойнау кезінде барлық пернелерге түсетін күшті тең ету үшін қажет. 
 d Шебер дыбыстың жарқын шығуын қаласа, балғашаларға арнайы лак жағады. Сонымен барлық бөліктерді бір тексеріп шығуы тиіс
 d Музыкалық білімі бар маман аспаптың бұрауын келтірген соң, рояль дайын болады.

Steinway & Sons компаниясының ресми сайтындағы материал пайдаланылды

Ж. FM