Бай ішіндегі "кедей"

Бай ішіндегі "кедей"

Дәулетті адамдар барлық уақытта болған және бола бермек. Бірақ солардың санаулысы ғана әлемнің ең бай әрі ықпалды адамы ретінде тарихқа енді. Біз бұған дейін де бақуаттылар жайлы айта кеткен болатынбыз. Ал ендігі кезекте, адамзат тарихындағы ең бай адамдар болмақ.

* * *

1. Марк Лициний Красс – Ежелгі Римнің кез келген императорынан бай саналған рим генералы. Красс шамамен біздің заманымызға дейін 115-53 жылдары өмір сүрген, (Спартактың көтерілісі кездері). Ол «Рим жауларының», көтеріліске қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғандардың үйлерін арзан бағамен сатып алып, бірнеше есе қымбат бағамен сатып отырған.

Сонымен қатар, ол құл саудасымен айналысқан және күміс өндіру бойынша тау өнеркәсібін дамытқан. Осылайша Марк Лициний Красс ежелгі заманның ең бай адамы болды: оның байлығы 169,8 миллиард долларды құраған.  

2. Василий II – 976-1025 жылдары билеген Византия императоры. 2 жасында император болып тағайындалғанына қарамастан, билік тізгінін тек 16 жасында ғана алды. Қайсар мінезі мен көшбасшы болуға деген ұмтылысынан ол мемлекеттік басқару көмегінен бас тартқан, алайда көп ұзамай, тәжірибесінің аздығын түсініп, паракимомен Василийдің көмегіне жүгінеді. Василий өз заманының ең ақылды адамдарының бірі болған. Соның көмегімен мемлекетті басқаруды үйренген жас император паракимоненді жер аудартып, әскерді өз басқара бастайды.

Оның билігі соғыстар мен көтерілістерге толы болған және Болгарияны жаулап алудың арқасында Василий ІІ байлығын одан әрі ұлғайтты.

Василий II иемденген жалпы ақша сомасы 169,4 миллиард долларды құрады.

3. Джон Рокфеллер – әлемнің ең бай әрі ықпалды адамдар тізімінің абсолютті көшбасшысы. Ол 1839 жылы дүниеге келген және бір ғасырдай уақыт өмір сүрген. Өзінің өмірлік жолын кедей отбасында бастаған ол еңбек етудің арқасында қарапайым бухгалтерден жеке меншік мұнай компаниясының иегеріне дейін жеткен.

Ең бірінші жалақысынан бастап, ол әрқашан өз табысының 10 пайызын шіркеуге беріп тұрған екен. Сонымен қатар, әлі күнге дейін қызмет істеп келе жатқан қайырымдылық қорын ашқан.

Рокфеллердің байлығы 318 миллиард долларға тең болған.

4. Генри Форд – автокөлік өндіру саласындағы шоқтығы ең биік адам. Ол Ford Motor Company концернінің иегері болған. Джон Рокфеллер, секілді Генри Форд та кедей отбасынан шыққан және 16 жасынан еңбек ете бастаған.

1879 жылы Форд зауытқа қарапайым механик болып жұмысқа кіреді.

1893 жылы жұмыстан қолы бос кезде, Генри Форд өзінің алғашқы автокөлігін жасап шығады.

1908 жылы Форд өзінің жеке компаниясының иесі болды және Ford T моделін шығарды.

Фордтың байлығы 188,1 миллиард долларға бағаланды.

5. Билл Гейтс – Microsoft компаниясының негізін салушы. Билл Гейтстің осы тімзіге кірген себебі, ол өзінен бай адамдарды басып озған: ол әлемдегі ең жас миллиардер болды (31 жасында).

Гейтс Microsoft компаниясын Пол Алленмен бірге 1975 жылы құрды, бірақ 2008 жылы компаниядан өз еркімен кетіп, бос уақытының бәрін қайырымдылыққа арнады.

Биллдің байлығы «бар болғаны» 70 миллиард – бұлай айтуымыздың себебі осы тізімдегі басқа адамдармен салыстырғанда Билл ең «кедейі».

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: zn.ua

Ж. FM