Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Дельфиндер адамды не үшін құтқарады?

Дельфиндер адамды не үшін құтқарады?

Дельфиндер адамды не үшін құтқарады?

Суға батып бара жатқан адамды дельфиннің құтқаратыны туралы алып-қашпа әңгімелер сонау антика дәуірінен бері айтылып келеді. «Дельфин не үшін адамның құтқарушысы?» Бұл сұрақ ғалымдардың жылдар бойы бас қатырған сауалына айналды. Дегенмен, олардың бұл сұраққа жауаптары да жоқ емес. 

Ең алдымен дельфин де адам сияқты ауамен тыныс алады. Сондықтан, дельфиндер ауа жетпей қалатындардың жағдайын жақсы біледі. Ауа жетпей қалған кезде дененің жансыздануы оларға таныс болғандықтан, бізге көмек көрсетуге асығады екен. 

Ал кейбір ғалымдар дельфиндер адамдарды өздерінің туысқаны деп есептейді деп санайды. 

Атақты Геродот жазып кеткен мына оқиғаға зер салайық: Арион әнші Грекияға сапарында пираттардың тұтқынына түсіп қалады. Пираттар оны тонап, суға тұншықтырып өлтірмек болады. Соңғы тілегі ретінде Арион лирада ойнау туралы айтады. Лирадан шыққан әуен дельфиндердің назарын аударады. Пираттар әншіні суға тастап жібергенде, дельфин оны құтқарып, жағаға алып шығады. Дельфиннің бұл ерлігі Аристотель, Плутархтардың да жазбаларында айтылған.

«Киттер мен дельфиндер әлемінде» атты кітабында белгілі биолог А.Г.Томилин былай деп жазған: 1966 жылы Махмуд Вали атты инженер балық аулауға шығады. Ашық теңізде оны дауыл үйіріп әкетіп, теңіз толқынына қарсы  тұра алмай, суға құлап кетеді.  Махмуд тек құтқарушы матрасқа ғана жармасып үлгереді. Сол құтқарушы матраста Махмуд бір күнін өткізеді. Екінші күні бір топ дельфин Махмудты тауып алып, матрасын жағаға қарай итерген көрінеді. Дельфиндердің әрекетін жағадағы халық байқап қалып, соның арқасында Махмуд бір ажалдан аман қалады.

Дельфиндер өте қызыққұмар әрі ақылды болып жаралған. Дегенмен олар тек қана адамдарды құтқаруға асықпайды. Олар жыбырлаған кез келген нәрсені (қалқыған ойыншық, жүзіп жүрген ағаш т.б.) жағаға итеріп шығарып тастайды екен. Оларды да өздері сияқты тұншығып, дем ала алмай қалады деп санайтын шығар...

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

11366 7
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 22 маусым 2013, 17:31
Пікірлер
+0
22 маусым 2013, 19:35

куштииии)

+0
22 маусым 2013, 22:48

Түу, жақсысын-ай! Дельфиндердің жаратылысына сүйсініп кеттім ғой!

+0
24 маусым 2013, 11:04

сондай мейірімді екен, тіптен назар аудармайды екенмін) Арион әнші туралы аңыз тіптен қызықтырып жіберді

+0
24 маусым 2013, 13:12

Дельфиндер жүкті әйелдің құрсағында бала барын сезіп, тұмсығымен мамық түрде түртіп көргенді ұнатады.

+0
24 маусым 2013, 13:13

Акулалар дельфиннен қорқады. Сондықтан суға батқан адамның жанында дельфин жүрсе, акула келмейді. Өйткені бар жылдамдығымен соқса, дельфин акуланың денесін тесіп тастауы мүмкін.

+0
24 маусым 2013, 13:34

Тірек-қимыл аппатарының ақауы бар кейбір балаларды дельфиндермен емдейді дейтін еді.

+0
30 маусым 2013, 22:16

жақсы көөреемм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...