Facebook қызметкерлері Цукербергті "айыптауда"

Facebook қызметкерлері Цукербергті "айыптауда"

Facebook әлеуметтік желісінің қызметкерлері жұмыс талап етіп отырған еңбек шартына "шағым" айтуда.

Кремниево алқабында (Калифорния штаты) жайғасқан компанияның бас кеңсесі көптеген "қауіп-қатердің" ордасына айналып келіпті.

Компания қызметкерлері кеңсе ішінің "адам төзгісіз" аурасын айтып шағымданған. "Ауырлық" туғызған тізімнің бірінші сатысында үш мезгілдік тегін тамақ тұр. Таңдаулы бас аспазшының тәтті тағамдары көңілдерінен шықпайды емес, әрине. Бірақ, туындап тұрған өзіндік ауырпалық жандарына бататын көрінеді. Өз-өздерін басқара алмайтындар мен диетаға отырып жүрген жандар күн тәртібінде көтеріпті.

Сонымен бірге компания қызметкерлерінің көңілдері толмайтын тағы бір тұс, басшылары Марк Цукербергтің жан мейірімі екен. Әр қызметкердің жеке бас қайғысын бөлісуге тырысатын, хал-күйін түсініп, демеп жүретін адамды "тым жақсы басшы" деп кінәлауда. Аптасына бір рет "сұрақ-жауап" форматында қызметкерлерімен кездесу өткізетін Цукерберг өз күтімімен мазаларын алып болыпты.

Анықталғандай, Facebook кеңсесінде тәртіп-мінез турасында ортақ заңдылық жоқ. Бұл дегеніміз, әрбір қызметкер жұмыс орынында ойына не келсе, соны істеумен күн өткізеді деген сөз. Сонымен қатар, кеңсе тұрған аумақта кафе, демалыс орталықтары мен ойын автоматтары шоғырланған болып шықты.

Олардың бас қайғысын түсіне отырып, қызметкерлер арасындағы дәл осындай "көңіл толмағыштық"  әлемде  көбейе берсін демекпіз.

Сурет:www.newsinpic.com; live.wsj.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига