Google сынақ мерзіміндегі қызметкерлерге айына 5мың доллардан астам төлейді екен

Google сынақ мерзіміндегі қызметкерлерге айына 5мың доллардан астам төлейді екен

Google корпорациясы қарамағындағы сынақ мерзіміндегі программистерге айына $6,7 мың доллар төлейді екен. Google жомарттығынан компаниядағы тәжірибеден өтушілер де сырт қалмапты. Оларға алпауыт корпорация айына $5,8 мың береді. 

Ал әлемдік еңбек нарығында сынақ мерзімінен өтушілер ең аз қаржы табатындардың қатарында екені белгілі. Ал тәжірибеден өтушілерге тапсырылатын жұмыстардың дені ұсақ-түйек саналады. Көбіне мұндай жұмыстарға еңбекақы төленбейді де. Алайда көріп отырғанымыздай Google ешкімнен қаржы аянып қалып жатқан жоқ. 

Ереже бойынша, тәжірибеден өтушілер корпорацияда үш ай ғана қызмет етеді. Бірақ сол аралықта олар $20 мың қаржы тауып үлгереді. Бұл көрсеткіш орташа жалақылы американдықтың осы аралықта тапқан ақшасынан асып түседі. АҚШ-тың еңбек статистикасы Бюросының хабарлауынша, АҚШ азаматтарының біржылдық орташа жалақысы $34 мың құрайды. Бұл олардың айлығы $2,8 мың деген сөз. 

Glassdoor хабарлауынша, Google корпорациясының осындай жомарттыққа баруының себебі "таланттар соғысы" жолында жеңіске жетудің амалы көрінеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: organic4all.com

Б. Қосмағамбет