Балаға қауіптің "көкесі" қай әлеуметтік желіден келеді?

Балаға қауіптің "көкесі" қай әлеуметтік желіден келеді?

«Касперский зертханасының» сарапшылары әлемдік сайттар ішінен ең зиянды әлеуметтік желілерді анықтады.

Зертхананың қызметкерлері компьютерді бүлдіретін вирустарды емес, балалар денсаулығы мен психикасын құртатын қауіпті дүниеге баса назар аударған. Бұл бастама балалардың алаяқтарға алданып қалып немесе басқа да арам істердің құрбаны болып кетпесін деген оймен қолға алынған.

Бір апта ішінде сарапшылар 13 жасар жасөспірімнің «Одниклассники», «Мой мир», «ВКонтакте» сынды әлеуметтік желілердегі әрекеттерін бақылап отырған. Кейінірек белгілі болғандай, балаға қауіптің «көкесі» «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен келеді екен. Сарапшылардың айтуынша, жасөсіпірмдер «ВКонтакте» сайтына кіру арқылы моральдық зорлық көріп, бойын қорқыныш пен үрейге билетеді. Онымен қоса, сайтта порнографиялық бейнежазбалар да көп. Кейбір жасөсіпірімдердің сайттан іздейтіндері де – осы.

«Одниклассники» әлеуметтік желісінің «ВКонтакте» сайтымен салыстырғанда баланың психикасына аса қаупі жоқ. Дәл сарапшылардың тінтуі кезінде «Одниклассники» сайтында алаяқтардың қарасы көріне қоймаған.

Баланың денсаулығы мен психикасына ең қауіпсізі - «Мой мир» әлеуметтік желісі. Мұнда азғын ойлы алаяқтар онша аяқ баса қоймайтын көрінеді. Өйткені қазіргі таңда «Мой мир»-дан көбі басқа әлеуметтік желілерге «қоныс аударып» кеткен. Сондықтан бұл әлеуметтік желі бала психикасына аса зиян келтіре қоймайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: delate.info

А. Әбілхан