Micro-phone - көлемі кредит картасымен бірдей ұялы телефон

Micro-phone - көлемі кредит картасымен бірдей ұялы телефон

Көлемі әдеттегі кредит карталарымен бірдей болатын жаңа ұялы телефондар пайда болды. Ол Micro-Phone деп аталады. Ұзындығы – 85 мм, ені – 55 мм және қалыңдығы бар болғаны 5,5 миллиметрді құрайтын осы бір телефон - көлемі жағынан ұялы телефондар арасында рекордтық көрсеткішке ие. Micro-Phone-ді қалтаға ғана емес, сонымен қатар, әмиянға да оңай салып қоюға болады. Бұл телефон өзінің жоғары технологиялық қосымшаларымен немесе басқа техникалық ерекшеліктерімен мақтана алмайды. Бір жағынан, осы телефонды жасаушылардың өздері мұндай мақсат қоймаған да секілді. Құрылғы 1,8-дюймдік экранмен және 21 күні бойы телефонды күту режимінде ұстап тұруға қабілетті аккумулятормен жабдықталған. Телефон құны 69 долларды құрайды.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: 24gadget.ru

А. Құлтай