Гаджеттің қуатын сақтаңыз

Гаджеттің қуатын сақтаңыз

Қазірде жастардың көбісі ескі телефондарды смартфондарға, компьютерлерді ноутбуктарға ауыстырды. Бұл құрылғылар бізге әр кез "онлайн" болуға мүмкіндік береді. Тек оларды уақытылы қуаттандырсаңыз болғаны. Заманауи гаджеттерді қалай қуаттандырған дұрыс?

Қазіргі смартфондар мен ноутбуктарда литий-ионды аккумуляторлар қолданылады. Оларды дұрыс қуаттандыру жайлы түрлі ойлар бар. Біреулер құрылғыны ылғи 40-80% қуаттандырып отыру керек десе, басқалары оның толықтай өшіп, оны қайта 100%-ға қуаттау керек деседі. Қайсысы дұрыс?

Бұндай түрлі ойлар бұрын қолданыста болған никельді аккумуляторларға байланысты. Оларды толықтай отырғанға дейін қолдану керек болған. Алайда заманауи литий-ионды акуумуляторлардың ондай қиындықтары жоқ. Олардың ғұмыры бірнеше жылға созылуы мүмкін, алайда кейбір ережелерді сақтасаңыз, олар ұзаққа шыдап, күнделікті жұмыс уақыты да артады.

1. Құрылғыны жиі қуаттандырып тұрыңыз           

Смартфон не ноутбук 0%-ға дейін отыруына жол бермеңіз. Оны үнемі қуаттандырып тұрыңыз. Батареяны ұзаққа сақтаймын десеңіз, оның қуаты 50%-дан кем болмауын қадағалаңыз. Батарея әр 10-20%-ға отырған сайын, оны қуаттандырып тұрған дұрыс.

2. Құрылғыны толықтай қуаттамаңыз            

Литий-ионды аккумуляторлар 100%-ға қуаттандырмаған жөн. Құрылғынының қуатын 40-80% арасында ұстаңыз. Телефон не ноутбук қуаттанып болған сәтте оны тоқтан шығарыңыз. Толықтай қуаттанған құрылғыны әрі қарай қуаттау – біздің ең үлкен қателігіміз, батареяның мерзімі қысқаруының бірден-бір себебі. Сондықтан смартфонды түнге тоққа қосу әдетінен арылу керек.

3. Айына бір рет телефон қуатын толықтай отырғызып, 100%-ға қайта қуаттаңыз

Басында ғана бұны дұрыс емес деп, енді осылай жасауға кеңес бергеніміз қалай? Мәселе келесіде. Құрылғыларды қайта-қайта қуаттандыру нәтижесінде оның жұмыс істеуге қалған уақытын не бөлігін көрсететін индикатор қателіктер жібере бастайды. Сол себепті біздің смартфондар мен ноутбуктарға айына бір рет осындай "калибровка", яғни түзетулер енгізу керек. Құрылғыны толықтай отырғызып, қайта толықтай қуаттандыру осы функцияны ретіне келтіріп, қалған қуатты көрсететін индикатордың мәліметтерін түзейді.  

4. Құрылғы қызбау керек            

Ноутбук не телефоныңызды қуаттандырған кезде кейде оның қызуын байқайсыз. Қызудың себебі келесі болуы мүмкін. Құрылғыны қуаттандырғанда оны қолданбауға тырысыңыз. Бірнеше функцияны бір уақытта орындайтын құрылғы қызған сайын, батареяның өмірі қысқарады. 

Осы қарапайым кеңестерді орындап, сіз батареяңыздың ғұмырын, оның күнделікті жұмыс уақытын ұзарта аласыз. Заманауи литий-ионды аккумуляторлар 2-3 жыл шамасында жұмыс істей алады. 

Ал сіз смартфондарыңызды қалай қуаттайсыз? Оның қуаты неше күнге жетеді?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mirfactov.com

С. А