Зейініңізді сынап көріңіз. Жалғасы

Зейініңізді сынап көріңіз. Жалғасы

Осы тақырыппен ұсынған зейін сынауымыздың шешімі әлі табылған жоқ. Дегенмен тыңнан қосылған шабандоздарға тағы да жауабы жұмбақ тосын сый жасағымыз келді.

500 теңге қайда кетті?

Ағалы інілі Асан мен Үсен кең-байтақ қазақ даласындағы мыңдаған ауылдардың бірінде тұрады. Олар қолдарындағы тауықтарын сатып, орнына қой алуды ойлады. Сонымен екеуі тауықтарын базарға алып келді. Ағасы 30 тауық, інісі 30 тауық алып келді. Ағасының тауықтары үлкендеу болғаннан кейін 500 теңгеге 2 тауық сатуды ойлады; інісінің тауықтары сәл кішілеу болғасын 500 теңгеге 3 тауықтан сатуды ойлады. Дәл сол кезде інісі Үсеннің досы жолыға қалды да, оны ертіп кетті. Інісі өз тауықтарын айтқан бағада сатып қоюды ағасына тапсырып, өзі кете барды. Ағасы өзінің тауықтары мен інісінің тауықтарын бөлек-бөлек сатуды әуре санап, менікі бес жүзге екеу, інімдікі бес жүзге үшеу, сонда мың теңгеге бес тауықтан болмай ма деп ойлады да, тауықтарын осы баға бойынша 12 мың теңгеге сатып жіберді. Сауда аяқталған соң өз бағасы бойынша есептеп еді, оның басы шатасып қалды. Өзінің отыз тауығы 500 теңгеге екі тауықтан сатқанда 7500 теңге болады екен, ал інісінің отыз тауығы 500 теңгеге үш тауықтан 5000 теңге болады екен. Жалпы он екі мың бес жүз теңге. Ендеше 500 жүз теңге қайда кетті? Бұл қалай болғаны?

Сіз Асанға көмектесіп бұл 500 теңгенің қайда кеткеніне ми жұмсап көріңіз.

Балауыз жұмбақ

Биіктігі де, жуандығы да бірдей екі тал балауыз шам бар. Бір балауыз шамның жанып бітуіне бір сағат уақыт кетеді. Екі балауыз шамнан пайдаланып, 15 минут уақытты өлшеп шыға аласыз ба?

Ескеріңіз, қолдан амал жасауға болмайды (балауызды сөндіріп қоюға немесе үстіне белгі салуға болмайды), екі балауыз шамды да жағып қою арқылы 15 минут уақытты өлшеп шығу тапсырмаға берілген.

 

Автор: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pic.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда