Апта күндерін есептеу формуласы

Апта күндерін есептеу формуласы

Егер сіз тарихтағы бір күннің немесе болашақтағы бір күннің аптаның қай күні екенін білмекші болсаңыз, қалтафоныңызды шұқылап, күнтізбе ақтарып әуре болмай-ақ, есептеп шыға аласыз ба? Оған басыңыз жетпесе, назар аударыңыз.

Шындап келсек, мұны есептейтін формулалар өте көп. Біз сіздерге солардың ішіндегі оңай бірін түсіндіріп көрейік.

Бірінші формула:

Формуладағы X жыл санын, С жаңа жылдың 1-күнінен дәл сіз есептемекші болған күнге дейінгі (бүгінді де қамтиды) барлық күн санын, [a] белгісі a-дан үлкен болмаған ең үлкен бүтін санды бейнелейді. S-ті тапқаннан кейін оны 7 санына бөлгендегі қалдық сан сіз таппақшы болып отырған күннің апта санын көрсетіп береді. Бөлінгенді шыққан санның қалдығы 0 (нөл) болса, ол күні жексенбі, 1 болса, дүйсенбі, 2 сейсенбі, 3 сәрсенбі, 4 болса, бейсенбі, 5 жұма, 6 сенбі күні болады.

Бірінші мысал:

1986 жылдың 16 желтоқсаны аптаның қай күні болады?

Жоғарыдағы формула бойынша:

 

S = 1985+496-19+4+350

S = 2816

16 Желтоқсан = 2816/7 = 402.2

Сөйтіп, шыққан шығындыны жетіге бөлгенде қалған қалдық 2 болғандықтан, біз ол күнді сейсенбі күні деп шештік. Яғни, Желтоқсан көтерілісі сейсенбі күні болған деп айта аламыз.

Жарайды, бұл формуланы білдік. Бірақ мұнда бір кемшілік бар. Жоғардағы формулада айдың күндерін жеке формулаға қоюға мүмкіндік жоқ. Оның үстіне бұл күнге дейінгі бір жыл ішіндегі барлық күнді қосып есептеп шығу керек. Ендеше, төмендегі «Сиқырлы формулаға» назар салып, бұл әурешіліктерден де құтылыңыз.

Екінші мысал:

Формуладағы с сол жылдың жыл санының алдыңғы екі саны, y болса сол жыл санының соңғы екі саны, m болса ай саны (мұнда бірінші ай мен екінші ай, өткен жылдың 13 және 14-ші айы деп қаралады), d сіз таппақшы болған күн саны, [a] белгісі a-дан үлкен болмаған ең үлкен бүтін санды бейнелейді. «Сиқырлы формуладағы» w-ды тапқаннан кейін, алдыңғы формуладағыдай оны 7 санына бөліп, қалған қалдықты тапсақ болғаны, біздің жұмбағымыз шешіледі.

Ендеше, біртауар жазушымыз Мұхтар Мағауин аптаның қай күні өмірге келді екен есептеп көрелік. Мұхаң 1940 жылы ақпанның 2-сы күні өмірге келген.

Бұл жерде m = 13, y = 40, c = 19, d = 2

 

W = 4.75-38+40+10+36.4+19-1

W =81.15

Шыққан шығындыны жетіге бөлеміз: 81.15/7=11.5

Мінеки, суреткер жазушымыздың жұма күні дүние келгенін есептеп біле қойдық. Бәлкім мұны Мұхаң білер немесе білмес...

Қанеки, осы формулаларды пайдаланып қазақ тарихындағы атаулы күндердің, өз туған күніңіздің, өзіңіз ұнатқан тұлғалардың туған күндерінің аптаның қай күні екенін есептейік.

Ендеше, Массагетке тіркелген оқырманға тапсырма, Абай атамыз 1840 жылы тамыздың 10 күні өмірге келген екен. Осы күн аптаның қай күні?

(Ескерту: жауапты тапқан кісілердің телефон нөміріне сыйлық ретінде баланс құйылады! Бірақ есептеу жолын блог ретінде жазып шығуыңыз керек. Блог жазбасының сілтемесін осында қалдырыңыз!)

 

Автор: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: pic.com

M. Auelkhan