Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Интернет болмаса қайтер едік?

Интернет болмаса қайтер едік?

Интернет болмаса қайтер едік?

Ричард Новатсон бастаған бір топ американдық ғалым қызық әрі өзекті зерттеу жасапты. Сауалнама түрінде өткен зерттеуге 4 мың адам қатысқан. Оның жартысы ер адам да, жартысы әйелдер.   

Оның барлығы да өмірін интернетпен байланыстырған немесе әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары. Сұрақ былай қойылған: Егер еліңізде интернетке шектеу қойылса, не істер едіңіз? Берілген жауаптар күтпеген толқу мен дау тудырған сыңайлы. Оған ғалымдардың өзі де бас қатырған.

Жауап бергендердің 67 пайызы өзге елдерге көшіп кететіндерін жасырмапты. Ал 14 пайызы не істерін білмей, белгісіз уақытқа депрессияға түсетіндерін жеткізген. Ғалымдарға ұнаған 11 пайыздық жауап былай болған: «Интернет жоққа айналса, оның өлген күнін тойлап, бір көңіл көтеріп қалар едік!». Олар жаһандық өрмектің дүрмегінен құтылғандарына қуанып, туысқандарына көп көңіл бөлетіндерін жеткізіпті.

Ал геймерлер ше? 6 пайызды құраған ойынқұмарлар интернет болмаса, соған ұқсас бір байланыс құралын тауып алатынын айтқан. Сұралғандардың ішінде өзін өлімге қиятындары да табылыпты. Абырой болғанда, олардың үлес салмағы 2 пайызды құраған (78 адам). Оның ішінде алпыс сегізі әйелдер болып шыққан.  

Ричард Новатсон бастаған бір топ американдық ғалым осы зерттеу арқылы интернеттің адам баласына әсері мол екенін және оның болуы да, болмауы да адамзат баласына зиянын тигізіп отырғандығын дәлелдеп берген. Интернеттің бетінде ғана өмір сүретін адамдарды тәуелділіктен құтқару жолында медицинаның көмегі тіпті жоқ екен.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: smartbooka.net

1686 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 17:07
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 19:19

интернетсіз де өмір сүріп келдік қой. егер шынымен алып тастаса адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас жақсаратын еді ;)

+0
15 мамыр 2013, 22:16

мама,мына нәтижелеррррр

+0
15 мамыр 2013, 22:58

Менде басқа елге көшетін шығармын)))

+0
17 мамыр 2013, 12:43

Өмір сүре берем, тіпті жақсы өмір сүрере ем. Жолдасым екеуміз кеше ғана осыны айтып едік: "Баяғы тықылдақ машинкалар жақсы еді жазуға, денсаулыққа зиянсыз" деп.

+0
17 мамыр 2013, 20:05

болганы жаксыго.....интерннеттин

+0
18 мамыр 2013, 10:12

Иш пысады го.....ғаламтор болмаса....

+0
21 мамыр 2013, 12:48

Ғаламтор болмаса кітапхана деген сұраныс кобейір еді...))) Ата-анамызбен ашық сөйлесер едік, бауырларымыз қарауға уақыт болатын еді. :?

+0
21 мамыр 2013, 14:10

осы пікірлерге лайк басатын кнопка жоқ я массагетте?)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...