Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ғалам қызықтары

Ғалам қызықтары

Әлем қызықтары назардан тыс қалмасын. Ендеше, үздік топтамаларды қарап шығыңыз. 

1355758995

Оятқыш пайда болмай тұрып, Англия мен Ирландияда "оятқыштар" мамандығы деген ұғым пайда болыпты. Ол қалай десеңіз, күнде таңертең адамдар тобы ұзын ағаш пен түтікшелерге тас салып, терезелерді атып, оятқан екен. 

Танауға барар иіс сол жақ пен оң жақ тұстан иіскегеніңізге байланысты ми тарапынан әртүрлі қабылданады. 

789

Толғатқан әйелдің қиналысын бастан өткеруге ерлерге арналып аппарат жасалып шығарылыпты. 

chinese_woman

Миллиондаған қытайлық қыз-келіншек әлеуметтік желілерге өздерін өлтіруге ешқашан бармайтындықтарын айтып, арыз жазып қалдыруда. Оған себеп: Қытай полициясы бір әйелдің өлімін қылмыс орын алды деген гу-гуге қарамастан,"суицид" деп тапқанға ұқсайды. 

7llpapers

Бірде Джонни Депке бастауыш сынып оқушысы хат жолдаған. Әлгі хатта әйгілі актерден және теңіз қарақшыларынан көмек сұрай жазыпты. Содан не керек, арты не болған десеңіз? Депп мырза мектеп табалдырығын капитан Джек Воробейдің киімімен аттап, жүріп жатқан сабақты бұзған.

13

Қанқұйлы коррида ойынында бұқа, шын мәнінде, матадор киген қызыл түсті киімге қарап, бұлқан-талқан болмайды (киімді мулета деп атайды). Бұқалар түсті мүлдем ажыратып жатпайды... Шындығында, қызыл түс бұқа жаралаған жағдайда қан ізін жасыру үшін қолданылады. 

1969 жылы америкалықтар төрт аяқты алып құлтемір жасап шығарған ("Жүретін жүк машинасы"). Ол бүтіндей бір джип көлігін көтере алған және 8 км/сағ. жылдамдықпен жүріпті. Алайда, үлкен өнеркәсіпке жол тартпаған. Ал құлтемірдің әр бөлігін жеке басқарып отыратын оператор 15 минутта-ақ бүкіл күш-жігері таусылып, сүлесі қалған. 

65660623_f_5099403

Дакрифилия – жанындағы адамның көз жасынан рахат сезімге бөлену. Мұндай адамдар әрқашан жанында жүрген адамын жылауға дейін жеткізіп, өз кезегінде содан ләззат алады.

post-76-1185276151

Леонардо Ди Каприоның бірінші агенті актерге "Ленни Уильямс" ныспысын алуды ұсынған. Өйткені, агенттің ойынша, жас жігіттің тегі тым мәдени естіледі екен-міс.

Жапонияда 90 пайыз асырап алынғандар – 20-30 жастың төңірегіндегі ересек жандар. Көбіне белді бизнесмендер өз істерін жалғастыруға дәл осы жастағы адамдарды асырап алатын болып шықты. 

Шанхайдың (Қытай) сырт бөлігінде "Елестер қаласы" бар екен. Онда Париждегі Эйфель мұнарасының көшірмесі тұр.

1322141674_12-photo

Ежелгі Римде дәрігерлер қояншық ауруына мың да бір ем ретінде гладиаторлардың қанын қолданған. 

Сурет: ehow.com; rusmontreal.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

11402 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 мамыр 2013, 16:44
Пікірлер
+0
14 мамыр 2013, 18:49

Кейбірі адам сенгісіз екен

+0
14 мамыр 2013, 21:24

Джонни Деп қатырыпты

+0
15 мамыр 2013, 01:52

еркектерге керек анау точноооо,Ди Каприоның тегі қатты ұнайды маған*

+0
15 мамыр 2013, 16:44

Джони Деппке риза болдым)) Естімеген елде көп деген осы ғой :?

+0
12 маусым 2013, 21:00

Шанхайдың (Қытай) сырт бөлігінде "Елестер қаласы" бар екен. Онда Париждегі Эйфель мұнарасының көшірмесі тұр. :shock: осы туралы толығырақ жазыңыздаршы өтнем. :|

+0
14 маусым 2013, 19:00

Толғатқан әйелдің қиналысын бастан өткеруге ерлерге арналған аппарат...Бассыздық! Әйел-әйел,еркек-еркек болып қалу керек қой! Бұл Алланың қалауы!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...