IBM ғалымдары атомдардан мультфильм түсірді

IBM ғалымдары атомдардан мультфильм түсірді

IBM компаниясындағы зерттеу орталығының ғалымдары әлемдегі "ең кішкентай" мультфильмді түсірді.   

Қысқа анимациялық роликте балақай доппен ойнап, билеп және трамплиннен секіреді. "Балақай және оның атомы" деп аталған мультфильм әлемдегі ең кішкентай саналып отыр. Ол атомдардың көмегімен салынған. Ал оны көру үшін бейнелерді 100 миллион есе үлкейтуге тура келген екен.

Айта кетсек, бұл фильм ақпараттарды магниттік тасымалдаушылар саласындағы инженерлердің жемісі. Анимация авторларының сөзінше, жеке атомдарды басқару жадтардың сақтау қабілеттерін мыңдаған есе үлкейтпек. 


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bbc.com

Б. Қосмағамбет