Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Техно. Жастар ғаламторда түнейді

Техно. Жастар ғаламторда түнейді

Техно. Жастар ғаламторда түнейді

Балаларының әлеуметтік желілерде түнейтінін байқаған ата-ана, дабыл қағып, көмек сұрап жүр. Жастардың ғаламторда не істеп, не қойып жатқанын өздерінен басқа ешкім білмейді. Осы сұраққа жауап табу мақсатымен Click Consult компаниясы жастар арасында сауалнама жүргізіп, қорытындыға келген болатын. Нәтиже бойынша, 16-24 жас аралығындағы жастардың 65 %-ы теледидар көруден, ғаламтор желісінде отыруды жөн санайды екен. 25-34 жас аралығындағы жастар теледидар мен әлеуметтік желіге тең уақыт бөлсе, 55 жастан асқан адамдардың 32%-ы ғана көк жәшік көруден бас тартып, бос уақытын ғаламторда өткізетін көрінеді.

Жігіттерге қарағанда, қыздардың әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетінін де сауалнаманың қорытындысы көрсетті. Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың 40 %-ы теледидарды көріп жатып, әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарында уақыт өткізетінін айтса, сұралғандардың 6%-ы Facebook пен Twitter-ге күніне 8 сағаттан астам уақыт жұмсайды екен.

Бүгін әлеуметтік медиа дағдарысы біз үшін жаңалық емес. Сауалнама қазіргі жастардың талғамдарын біліп, бос уақытын қалайша өткізетінін байқап, олардың жүріс-тұрыстарын дұрыс бағытқа бағдарлауды мақсат тұтты. Компанияның пайымдауынша, телевизияның заманы әлі бетпеген көрінеді, оның дамуына мультимедиалық мүмкіндіктердің зор екендігін Click Consult компаниясының директоры Мэтт Буллас айтып өтті.

Қандай болғанда да,  адам баласы қазіргі сандық дәуірде өмір сүріп жатқандықтан, бос уақытының көп бөлігі ғаламтормен тікелей байланысты. Ғаламтор көзіне қосылудың өзі де қазіргі кезде еш мәселе туғызбайды. Егер ғаламтор осындай қарқынмен дами берсе, бірнеше онжылдықтан кейін, дүниежүзінде бірде-бір теледидар табылмйтын шығар.

Сурет: securitylab.ru

3873 10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 наурыз 2012, 16:00
Пікірлер
+0
17 наурыз 2012, 17:12

теледидар мені тартпай қалды ) бәрі интернетте болса, теледидардан не іздеймін? )

+0
17 наурыз 2012, 17:14

Сауалнамаға қазақ жастары қатысса, нәтиже бұдан да қызықты болар ма еді? ))

+0
17 наурыз 2012, 17:21

Менін 11-сынып оқитын інім теледидарды мүлдем ұмытты)

+0
18 наурыз 2012, 01:36

Ғаламтор бәле болды))десең

+0
19 наурыз 2012, 12:18

бәленің бәлесі ғоой

+0
19 наурыз 2012, 12:22

Өткен апта Facebook деген көкемнің үйінде болдым, жайлылау екен. Кеше Массагет деген жерде түнеп шықтым, адамдары қонақжай болып шықты.

+0
19 наурыз 2012, 13:28

Теледидар көрген жақсы ғой, ыңғайлы креслоға отырып,қолға пультты ұстап, жаңалық, Джемиле көремін, арасында Глухарь, теледидар үйде әлі сәннен қала қойған жоқ.

+0
19 наурыз 2012, 13:36

Күндіз интернетте отырсам, ал түнде теледидар көремін! Негізі жаңалықтарды да көріп тұрған керек шығар деп ойлаймын! Ал егер бізде интернет теледидардың орнын басады дегенге келіспеймін. Өйткені бізде уровень жизни әлі де 50 пайызға төмен болып келеді.

+0
19 наурыз 2012, 20:20

иә, солай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...