Ең қайырымды 5 ұры

Ең қайырымды 5 ұры

Ұрылар тым қатал, мейірімсіз дегенді кім айтты? "Бес саусақ бірдей емес" дегендей, ұрылар да әртүрлі. Соның ішінде қайырымды ұрылар да кездеседі. 

1. Шведтік Umeå университеті профессорының ноутбугын ұрлап кеткен ұры, ішіндегі бар затын флешкаға жазып өзіне жіберген екен. Профессор ноутбугының ұрланғанын біліп, қатты уайымға салынған, өйткені ішінде 10 жылдай жинаған еңбектері болған. Алайда, ұрлаған ұрлықшы аса мейірімді болып, ішіндегі барлық құжаттарды флешкаға жазып берген екен. 

2. Төменгі Саксония үйлерінің біріне қарулы ұры кіріп келген. Пистолетпен үй күтушісін қорқытып тұрғанда, 7 жасар екі бала үй күтушісін жібер деп, бар бағалы зат пен ақша әкеп берген екен. Бұл көріністі көрген ұрының жүрегі жібіп, ештеңе алмай кетіп қалған. 

3. 2011 жылдың қазан айында жол жиегіне қойылған көліктен бір ұры 2 ұялы телефон және әмиян ұрлап әкетеді. Бір телефонды ашып қараса, ішінде балалардың порнографиялық суреттері бар екен. Бұдан ол қатты жиіркеніп, бұл істің қаралуын сұрап заң қызметкерлеріне өзі барып, беріледі. Ұрының осы әрекетінен 46 жасар еркек ұсталады. Жеңілдетілген айыппен болмай қалған ұры бір айға қамалып, айыппұл төлейді. 

4. Сауда Арабиясынан бір ұры 10 жыл бұрын ұрлаған әшекейлерін иесіне қайтарып берген. Қожайынның айтуы бойынша, түн ішінде біреу келіп, есігін қағады, есікті ашса, босағада бір сөмке жатыр, ішінде өзінің ұрланған әшекейлері және кешірім сұраған хат.

5. Белгісіз біреудің көлігін ұрлап әкеткен бразилиялық бір ұры көлікті кейін қайтарып беріпті. Бар себеп, қожайын көлікте жатқан ұялы телефонына хабарласып, қазіргі уақытта ақшадан қатты қысылып жүргенін айтқан екен.

Сурет: vbratske.ru

A. Mustafina