Телефонды кім ойлап тапты?

Телефонды кім ойлап тапты?

Антонио Меуччи. Әпенделеу, дегенмен аса көрнекті флоренсиялық өнертапқыш 1850 жылы АҚШ-қа келді. 1860 жылы Меуччи алғаш рет өзінің жұмыс істейтін электрлік құрылғысының моделін көрсетеді, ол оны teletrofono деп атайды. 1871 жылы – Александр Грэхем Белл өзінің телефонын патенттеместен 5 жыл бұрын - жаңалық ашуға алдын ала  өтінім ( ол уақытша патент ретінде) береді.

Дәл сол жылы Меуччи Стейтен-Айлендте паромдағы бойлердің жарылуынан қатты күйіп қалады. Ағылшын тілін нашар білетін және жұмыссыздық есебінен алатын  жәрдемақыға күнелтіп жүрген Меуччи, 10 доллар таба алмай сол күйі 1874 жылы өзінің  өтінішін қайталап бере алмады.

1876 жылы Беллдің патентін тіркеуден өткізген кезде, Меуччи оны сотқа береді. Себебі осыдан екі жыл бұрын италияндық ірі американдық «Вестерн юнион»  телеграфтық компаниясының зертханасына эскиздер нұсқасы мен жұмыс істейтін модельдерді жіберген болатын. Ақылға қонбайтын кездейсоқтық бойынша, Белл дәл сол зертханада жұмыс істеген екен және Меуччи жіберген модельдер құпия түрде жоғалып кетеді.

Александр Грэхем Белл

Меуччи Александр Грэхем Беллге қарсы іс бойынша соттың шешімін ести алмай, 1889 жылы кедейліктен қайтыс болады. Нәтижесінде телефонды ойлап табу  бойынша барлық атақ-даңқ Меуччиге емес, Беллге тиесілі болды. 2004 жылы тепе-теңдік ішінара қалпына келтірілді. АҚШ конгрессінің төменгі палатасы «Антонио Меуччидің өміріне және жетістіктеріне лайықты баға беріп, телефонды ойлап табу ісіндегі еңбегін мойындау туралы» заң қабылдады.

Бұл Беллдің асқан алаяқ болғандығын білдірмейді. Мысалы, ол жас кезінде, өз итін «Сен қалайсың әже?» деп айтуға үйреткен - бұл Беллдің әжесі басқа бөлмеде  болған кезде, жағдайын білу үшін өзінше ойлап тапқан коммуникациялық әдісі болатын. Сондай-ақ, ол телефонды практикалық құралға да айналдырды.

Өзінің досы Томас Эдисон секілді, Белл де жаңалық іздеуден қажымайтын адам болды. Эдисондікіндей оның барлық ізденістері түгелдей табыспен  аяқталмайтын. Мысалы, оның ойлап тапқан металліздегіші жарақатталған президент Джеймс Гарфилдтің денесіндегі оқтың орналасқан жерін анықтай алмады. Былайша айтқанда, аталған машинаны президенттің матрасындағы металл серіппелер жаңылдырған.

Беллдің жануарлар генетикасы саласына көңіл аударуы, оның қойлардың егізден немесе үштен қоздау санын арттыру мақсатына байланысты туындады. Ол қойлардың екі немесе одан көп емшегі болса, егізден көп туатынын байқады. Дегенмен, ол тек емшегінің саны көп қойлардың санын көбейте  алды.

Оның оң жетістіктеріне қатысты сөз қозғар болсақ, Белл шынымен суасты қанаты бар кемелерді ойлап табуға көмектесті. «Эйч-ПИ-4» кемесі 1919 жылы судағы жылдамдықтың әлемдік рекордын орнатты – сағатына 114 км. Бұл рекорд он жыл бойы дес бермеді. Жасы 82 келген өнертапқыш өзі еркімен кеме бортына мінуден бас тартты.

Белл әр уақытта өзін «кереңдердің оқытушысы» ретінде танытатын. Оның шешесі және әйелі кереңдіктен зардап шегетін, ал оның оқушыларының арасында американдық соқырлар қоғамының белгілі қайраткері, бірқатар кітаптардың авторы - Хелен Келлер болды. Және ол өмірбаянын өзінің оқытушысына арнаған.

Сурет: suvenirvip.ru, nnm.ru 

Ж. FM