Жақында құжат қабылдауды бастайтын шетелдік бағдарламалар

Шетелде білім алып, өзге ел мәдениетімен танысу — студенттердің арманы. Кейін кәсіби саласында да түрлі бағдарламалар бойынша іссапарларға шығып, білім алмассақ деген ой болады. Бүгін 1 маусымда құжат қабылдауды бастайтын танымал екі бағдарламаны назарға ұсынамыз.

Фулбрайт бағдарламасы

Дж. Вильям Фулбрайт атындағы бағдарлама — әлемдегі танымал әрі ел мойындаған бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама бойынша білім алған түлектер әлем бойынша жоғары салада қызмет етеді: саясаткер, журналист, Нобель сыйлығының лауреаттары да бар. Фулбрайт бағдарламасы бойынша гранттарды бөлу ашық конкурс негізінде өтеді.

Үміткерге қойылатын талаптар:
• Қазақтан азаматы болу.
• Кәсіби өсу және дамуға дайын жас маман болу.
• Ең кем дегенде өз саласында 5 жыл қызмет ету.
• АҚШ, Батыс Еуропа, Аустралия, Жаңа Зеландия, Канада мемлекетіне тиісті ЖОО дипломы болмау.
• Жоғары білімі болу
• TOEFL алғашқы бөлімінен өту
• GPA деңгейі маңызды емес.

Hubert Humphrey Fellowships

Hubert Humphrey Fellowships — мамандардың біліктілігін арттыруға арналған бағдарлама. АҚШ және бағдарлама қатысушы арасындағы тәжірибе мен білім алмасу үшін дайындалған. Осы арқылы кәсіби салада даму мүмкіндігін алып, университеттегі курстар, конференцияларға қатысуға болады.

Үміткерге қойылатын талаптар:
• Кем дегенде бакалавр деңгейі болуы тиіс
• Кем дегенде өз саласында 5 жыл қызмет ету.
• АҚШ-та болмаған немесе өте аз уақыт болған.
• Көшбасшылық қабілеттің болуы.
• Қоғамдық ұйымдарда қызмет тәжірибесінің болуы.
• Ағылшын тілін жетік білу.