Ғылым мен ғалым туралы фильмдер

Ғылым мен ғалым туралы фильмдер
Фото: freepik.com

Биыл 14-наурызда XX ғасырдың ұлы ғалымы Альберт Эйнштейннің дүниеге келгеніне 140 жыл толды. Осыған орай, ғылым мен ғалымдар жайлы фильмдер топтамасын ұсынамыз:

«Көркем сана»
(A Beautiful Mind, 2001)
Картинки по запросу игры разума

Рон Ховардтың шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмі – кемеңгер адам иығындағы жүктің ауырлығын сипаттайтын үздік туынды. Шизофренияға шалдыға бастаған математик Джон Форбс Нэштің өмірін бейнелейді. Рассел Кроу мен Дженнифер Коннелли сомдаған рөлдің сәтті шыққаны сонша, бұл фильмнен соң математикаға қызығушылығыңыз бірден оянады.

«Интерстеллар» (2014)Картинки по запросу Интерстеллар

Кристофер Ноланның туындысы бұл қатарға енбесе қателік болар еді. Бұл жерде ғылыммен қатар, ғарышқа ұшқан экипаж мүшелерінің жағдайы, олардың бейнесі мен өмірі сипатталады. Одан бөлек, фильмнің Ханс Циммер жазған саундтрегі әсер етпей қоймайды.  Мэттью МакКонахи және Энн Хэтэуэй  ғарыш кеңістігін шарлаумен болады.

«Марстық» (2015)Картинки по запросу Марсианин

Кино әлемінде ғалымдардың, данышпандар мен қаһармандардың әлемді құтқаруға тырысып бағатынын, сол жолда бәрін құрбан ететініне етіміз әбден үйреніп қалған. Ридли Скоттың «Марсианин» атты драмасында бір ғана ғалымның Марс ғаламшарында өмір сүруге тырысып баққан сәтін сипаттайды. Ғалым рөлін Мэтт Дэймон ойнап шығады. Фильм білім, аздаған әзіл мен өмірге бейімделу қабілеті адамды қиын сәттен аман алып қалатынын дәлелдегендей.

«Әр құбылыстың теориясы» немесе «Стивен Хокинг кеңістігі»
(The Theory of Everything, 2014)Картинки по запросу Вселенная Стивена Хокинга

Джеймс Марштің кезекті туындысы бұл жолы басты теоретик, соңғы онжылдықтағы ғылым кеңістігінің билеушісі Стивен Хокингтің ерекше хикаясын сипаттайды. Эдди Редмэйн сомдаған Хокинг физикалық ауытқуға қарамастан өз арманынан бас тартпайды. Әрине, оған жары да қол ұшын созады. Сондықтан, бір ғана түйін жасауға болады: тіпті адам сенгісіз ақылға ие адамдардың  өзіне кейде қолдау керек.   

«Имитация ойыны»
(The Imitation Game, 2014)Картинки по запросу Игра в имитацию

Мортен Тильдумның биографиялық драмасы «Имитация ойыны» математика әрі криптограф Алан Тьюрингтің өмірін бейнелейді. Фильм арқылы кішкентай ғана адам баласының әлемдегі үлкен рөлін көруге болады.

«Эйнштейн мен Эддингтон» (2008)Картинки по запросу Эйнштейн и Эддингтон

Филипп Мартиннің физик Альберт Эйнштейн мен астроном Артур Эддингтон туралы фильмі ғылым мен оған әсер еткен адамдардың өмірін көрсетеді. Актерлік құрам мен кейіпкерді ерекше жеткізу арқылы адамзаттың ғылым жолында қалай тер төккенін байқауға болады.  

Т. Есқали