"Тұғыры биік ел - менің елім" атты мерекелік шара өтті

"Тұғыры биік ел - менің елім" атты мерекелік шара өтті
Фото: П. Медетбекова

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай елімізде түрлі мерекелік, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып желтоқсан айының басынан жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік алған жылдар аралығында мемлекетімізде көптеген атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер жастардың, яғни мектеп қабырғасындағы оқушылардан бастап, ЖОО-дағы студенттердің бөлісер ақпараттары көңілге жылулық ұялатып, қуанышқа бөлері анық.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы мен студенттерінің атқарып жатқан іс-шаралары жайында ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі университетте жастарды тәрбиелеу мақсатында түрлі қоғамдық ұйымдар, клубтар мен бірлестіктер, қала берді кураторлық топтар еліміздегі атаулы мерекелер мен күндерді назардан тыс қалдырмақ емес.

Соның бірі, филология және әлем тілдері факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерінің қатысуымен өткен «Тұғыры биік ел – менің елім» атты мерекелік шарасын атап атап кеткіміз келеді.

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шарада жоғарыда аталған мамандықтың 1 курс студенттері қазіргі елімізді дамыған елдер қатарына қосу мақсатында және білімді де, білікті мамандар даярлау мақсатында көптеген көтеріліп отырған мәселелерді қамтып, оған қоса Тәуелсіз елдің жетістіктері мен қазақ әліпбиіне қатысты (жалпы, қазақ жазуының тарихына шолу) тың ақпараттар «Ұлы Даланың Жеті Қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларымен, ондағы Елбасының халыққа жолдауы және мазмұнды, тағылымы мол, тарих-мәдени құндылықтарымызды тереңінен зер­делеген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы да қамтылған, мағыналы іс-шара өтті.

Елбасының жолдауы мен мақаласы жайында студенттер баяндама жасап, ол бойынша сұрақ-жауап пен қатар Тәуелсіздік күніне орай патриоттық әндер мен ақындардың өлең жолдары да қамтылды. Тағы бір ерекше атап өтер жайт, студенттердің қазақ тілінің нағыз жанашыры екенін аңғарсақ, екінші жағы орыс, ағылшын, қытай, неміс, француз тілдерінде де өнерлері тәнті етті. Нұрлан Рүстем, Байыржанова Сабина және Серікахметова Ажар сынды студенттердің баяндамалары, Сәрсенхан Жансая, Бейбітбекова Аружан, Абдығазизова Маликалардың өнерлерін тамашалай отырып, келешегіміздің жарқын боларына сеніммен қуана тамашалап отырдық.

Күні кеше  ғана мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқан жастарымыздың тәрбиелі, білімді, елінің нағыз патриоттары екенін дәлелдеп, ертеңгі күні нағыз елін, ұлтын қорғар азаматтары болары анық.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
кафедрасының оқытушылары:
Медетбекова П.Т., Күзембекова Ж.Ж.

Ө. Сансызбай