А.Сəрінжіпов Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерін құттықтады

А.Сəрінжіпов Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерін құттықтады
Фото: http://strategy2050.kz/

ҚР Білім жəне ғылым министрі Асылан Сəрінжіпов Назарбаев университетінің алғашқы түлектерін оқу бітірулерімен құттықтады, − деп хабарлайды Baq.kz порталы

НУ түлектерінің оқу бітіру рəсімінде біріншілердің бірі болып сөз бастаған Министр 2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Назарбаев университетінің сол кезден бүгінгі күнге дейінгі жолын шолып өтіп:

Бүгін сендер үлкен өмірге Назарбаев университетінің ең алғашқы түлектері ретінде қадам басасыңдар. Сондықтан ол біз үшін үлкен мереке. Бүгін өте маңызды күн сіздер үшін үлкен құрмет, үлкен жауапкершілік, үлкен бақыт! Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, - деді түлектерге.

Айта кетейік, Назарбаев университетін алғашқы болып 446 студент бітіруде. Салтанатты рəсімге студенттер, ата-аналар, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрам, ірі ұлттық компаниялар басшылары мен арнайы шақырылған қонақтар қатысуда.

Е. Жұмабайұлы