Ұлттық арна журналистері ҚазҰУ-дың журфагында қонақта болды (Фото)

Ұлттық арна журналистері ҚазҰУ-дың журфагында қонақта болды (Фото)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан ұлттық телеарнасының журналистерімен кездесу өтті, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Кездесуге «Қазақстан» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінің жүргізушісі Ламбриан Топузидис, «Аpta.kz» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редактор-жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы және «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі Жансерік Берікқазыұлы келді.

Кездесуге аталған университеттің журналистика, филология факультеттерінің студенттері қатысты. Жиынды аталған факультеттің оқытушысы, кешті ұйымдастырушы Ай-керім Әлімжан ашып берді. 

Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы осындай кездесулердің студенттер үшін пайдасы мол екенін айтып, алдағы уақыттарда шеберлік сағаттарын өткізіп отыруды ұсынды. 

Кеш барысында Ұлттық арна журналистері студенттердің түрлі сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін ортаға салды. 

Көгілдір экран арқылы көпшілікке жақсы таныс тілшілер туған жері, өскен ортасынан бастап, студенттік шақтағы қызықты кездері, отбасы туралы айтып берді. Сондай-ақ, журналистикаға қалай келгені, болашақ жоспар-мақсаттары туралы да айтып өтті.


Кездесудің негізгі бөлігінде қазақ журналистикасының бүгінгі хал-жайы, жетістік-кемшілігі мен бағыт-бағдары сөз болды. Ұлттық арна жүргізушілері болашақ журналистерге ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерін бөлісті.

Журналистика факультетінің түлегі Мейіржан Әлібекұлы ұшқан ұясымен қайта қауышып, көңілі өсіп отырғанын айтып, студенттік шақтардан сыр шертті.

Мейіржан Әлібекұлына дәріс оқыған факультеттің оқытушылары да сөз алып, шәкірттерінің осындай жетістікке жетіп, бүгінгі студенттерге үлгі болып жүргенін тілге тиек етіп өтті.

Кеш соңында студенттер естелік суреттерге түсіп, әдемі кездесуден жақсы әсермен тарқасты.

Автор: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Фариза Калимурзина

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы