Ешқашан ұрланбайтын велосипед

Ешқашан ұрланбайтын велосипед

Әр секунд сайын әлемде бір велосипед ұрланады екен. Чилилік үш студент өзіндік жаңалықтарынан бұрын өздері де өсындай жағдайдың құрбаны болыпты. Сол себепті, ешқашан ұрланбайтын Yerka велосипедін жасап шығарды, деп хабарлайды Discovery News.

Аталған инновация өте қарапайым. Велосипедтің қолайлы бөлінгіш құрылдары бар бөлшектері сізге кез келген жерде оны құлыптап қалдырып кете беруіңізге мүмкіндік береді. Ешқандай ауыр қосалқы құлыптарды алып жүруді қажет етпейді.

Егер біреу велосипедті ұрламақ ниетте болса, ол алдымен құлыпты бұзуға тиіс болады. Ал құлып велосипедтің айырылмас бөлшегі болғандықтан, оны ешкім жасамайды. Себебі, ұрының құлыпты бұзғаны оның велосипедті жарамсыз халге келтіргенімен тең.

Мақсатты кісінің тек доңғалақтарды шешіп кетуі де мүмкін ғой деп ойларсыз. Дегенмен, велосипедтің құны арқан, қолжетімді болғандықтан, оның арнайы бөлшегін алу аз қаржыны талап етеді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: news.discovery.com

Ж. Өрісбай