Жатақханаға орналасу үшін қандай құжаттар қажет?

Жатақханаға орналасу үшін қандай құжаттар қажет?

Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Жоғарғы оқу орындарынан білім гранттарын жеңіп алған түлектерді енді баспана мәселесі күтіп тұр. Алып шаһарларда пәтер жалдап тұру - қалтаға салмақ түсіреді. Сол себепті, ең тиімді жол - жатақханаға орналасу. Жатақханаға орналасамын деуші студенттерге бағыт-бағдар беру мақсатында төмендегі мәліметтерді ұсынамыз.

Бірінші курс студенттеріне жатақханада тұру үшін қажетті құжаттар: 

Қазақстан Республикасы азаматтары үшін:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- 3*4 – 8 дана фото;

- А4 файл – 2 дана;

- жеке басын куәландыратын куәлік көшірмесі;

- балалар үйінен анықтама (түпнұсқа), ата-анасының қайтқаны туралы куәліктің немесе қамқорға алынғандығы туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүгедектік туралы куәліктің көшірмесі;

- ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының көшірмесі (ҰБТ);

- қосымшасымен бірге аттестаттың көшірмесі;

- мемлекеттік білім беру гранты сертификатының көшірмесі;

- егер ата-ана жұмыс істемесе, жұмыс істемейтіні туралы анықтама (түннұсқа);

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

- 063-егу картасының көшірмесі;

- Отбасы құрамы туралы анықтама (түпнұсқа) немесе үй кітапшасының көшірмесі.

Шетел азаматтары үшін:

- белгіленген үлгідегі өтініш;

- студенттің төлқұжат көшірмесі;

- ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының көшірмесі (ҰБТ);

- мемлекеттік білім беру гранты сертификатының көшірмесі;

- 3*4 – 8 дана фото;

- А4 файл – 2 дана. 

Жатақхана беруші басшылықтың рұқсатымен студент:

- жатақхананың денсаулық сақтау бөліміне барып, медициналық тексерістен (педикулез және қышымаға) өтуі;

- банктің ең жақын бөлімшесінде тұру ақысын төлеуі (10 айға бірден төлеген жөн);

- денсаулық сақтау бөлімінен тұруға рұқсаттама анықтамасын алып, оны қабаттың тәрбиешісіне беруі тиіс.

- студентке төсек-орын тыстары мен бөлме кілті беріледі.

Паспорт столына жазылу керек пе, ал ер балаларға әскери есепке тұру қажет пе? Оны қалай істеуге болады?

Оқыту кезінде паспорттық тіркелу барлық ұлдар мен қыздарға міндетті түрде қажет. Бұдан бөлек, ер балалар қалалық әскери коммисариатқа есепке тұруы тиіс. 

Есептің осы түрлеріне тұру мерзімдерін кешіктірмеңіздер. Өйткені, кешіктіргені үшін мемлекет жазалау шараларын қолдана алады (әкімшілік айыппұлдар және т.б.).

Бұл жағынан заңға сай әрекет етуді ұсынамыз.

Жатақхана бірінші кезекте кімдерге беріледі?

- жетім балаларға;

- ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға;

- толық емес, көп балалы, ата-аналары мүгедек немесе зейнеткер отбасынан шыққан балаларға берілері.

Ата -ананың қамқорынсыз қалған жетім балалар жатақханада тегін тұрады.

Жатақханаға өзіңмен бірге нені алу керек?

Қолайлы болуы үшін қажетті заттардың тізімін білген жөн.

Ыдыстар: бокал, тәрелке, қасық (шай, ас), шанышқы, пышақ, кішігірім кастрөл және таба.

Заттар: жеңіл аяқ-киім немесе  шәрке, спорттық форма, шорты, футболка, халат (қыздарға), сабаққа арналған форма, жылы шұлықтар, толстовка, маусымдық киімдер, душқа, бетке және қолға арналған орамалдар.

Тұрмыстық химиядан сізге: өзіңізге және кір жуғанға қажетті сабын, кір жуатын ұнтақтар, шампунь және басқа да жуыну жабдықтары қажет.

Азық-түліктер: азық-түліктерден  алғашқыда әртүрлі тұздалған азық-түліктер, қайнатпалар, макарондар, картоп, сәбіз, пияз, жармалар, тұз, қант, шай немесе кофе. Жатақханалар арнайы ай үйлермен қамтамасыз етілген.

Қажетті дәрі-дәрмектер: Ыстықты түсіретін дәрілер - аспирин немесе парацетамол, бас ауруларынан - цитрамон, іш ауруынан - белсенділенген көмір, ауруды сездірмейтін препараттар, бактерицидтік лейкопластырь.

Электроаспаптар: фен, шайнек және үтікті көшіп келген кезде сатып алуға болады - бір бөлмеге біреу.

Көшу кезінде қосымша рәсімдер.

Студент көшу кезінде:

- Бөлме кілтін, төсек-орын тыстарын алады;

- Бөлмеге орналасу кезінде бөлме паспорты рәсімделеді, онда мүліктердің тізімі және бөлменің сипаттамасы қарасытырылған. Бұл паспорт бойынша оқу жылының соңында тәрбиешілерге тұрғындардың бөлмесін тапсыру жүзеге асатын болады;

- Электроқұралдарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізіледі;

- Ішкі тәртіп ережелерін меңгереді;

- Келісімшарт жасасады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: massaget.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?