Принстон Университетіндегі қар атысу дәстүрін білесіз бе?

Принстон Университетіндегі қар атысу дәстүрін білесіз бе?

1893 жылы түсірілген мына суреттен Принстон Университетінің үш екінші курс студентінің жылда өткізілетін қар атысу ойынынан кейінгі ахуалын көресіз. Дәстүрге орай, әр жылы софомор (екінші курс студенті) атанған студент осындай қалың қар атысынан өтуге тиіс болады екен. Фотодағы студенттердің көгерген көздері мен ісіп кеткен беттері қақтығыстың қарқынды болғанын дәлелдейтін сияқты.

Принстон Унисерситетінің оқу ғимаратының алды.  1893 жылдың 12 қаңтары.

"Жылда дәстүрге айналған, софоморлар мен балмұздақтар (бірінші курс студенттері) арасында өткізілетін қар атысу жарысы түс ауа Нассау алаңында өткізіледі. Қақтығыс тағы екі күнге созылады деп жоспарланса да, бірінші күні 250 балмұздақ бірігіп, өздерінің ізашарларына қарсы алаңда өнерлерін көрсетуге дайындала бастады. Шақыруды есіткен софоморлар бір сәтте жиналып, үлкенге деген құрметті орнына қою мақсатында, қарсы шабуыл танытады. Балмұздақтардың саны көп болғандықтан, софоморлардың бірнеше рет артқа шегінуіне тура келеді. Қармен атысу бір сағатқа созылады. Софоморлардың капитаны Фил Кинг жеңілістің орайы жақындағанын байқаған соң, намыстанып, атыстың тура ортасынан жүріп өте келе, балмұздақтардың көшбасшысын бір соғып құлатады. Нәтижеде, қар атысы жұдырықтасуға ұласып кетеді. Ал мына суреттегі Принстонның үш студенті қар атысудан да, жұдырықтасудан да осал емес екендіктерін көрсеткен сыңайлы." 

New York Times күнделікті газетінде жарияланған мақаланың аудармасы. 

«Ойыннан от шығады» дегені осы болар. Дәстүрлі қар атысы ойынының осылай аяқталуы аянышты, әрине. Дегенмен, студенттік өмірдің бір қызығы осы болса керек. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.princeton.edu

Ж. Өрісбай