Нью-Йорк Университеті: Студенттік өмір

Нью-Йорк Университеті: Студенттік өмір

Нью-Йорк - жаңа инновация мен дамудың, ұлттар бірлігі мен жаһандану үдерісінің нағыз үлгісі. NYU студенттері әлемнің түрлі елдерінен келгендіктен, олардың ұлты, мәдениеті, ділі мен діні өзгеше болары анық. Студенттердің халықаралық ортада білім алып, өмір сүруі адамның жаһандық деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Бұл NYU студенттері өмірінің қызықты әрі мәнді боларына кепіл болады.

NYU студенттерге қажетті мүмкіндіктің барлығын жасайды. Сонымен қатар, университет ғимараттары алып шаһардың дәл ортасында орналасқандықтан, «үлкен қала үлкен тәжірибемен қамтамасыз етеді» деген ұранмен студенттер өмірлік тәжірибе жинақтайды.

Айта кетсек, студенттер ерлер немесе қыздардың белсенді қоғамымен араласып, спорттық жарыстар мен ғылыми жобаларға қатыса алады. "Оскар" және басқа да тұтқасы биік марапаттарды иеленген өнер жұлдыздары осы университеттің дәрісханаларында білім алған. Студенттер солардың жолын қуып, радио, музыка және тележурналистика саласында тәжірибе жинақтайтын болады.

Студенттер Вашингтон алаңындағы бас ғимараттың қасында орын тепкен жатақханада немесе Манхэттендегі университеттің бес қалашығындағы жеке тұрғын үй кешендерінде ақысыз тұра алады.

Өздеріңіз пайымдағандарыңыздай, NYU журналистика саласының мамандарын дайындауда белсенділік танытады. Болашақ тілшілер мен операторлар кәсіби тәжірибе жинақтау сабақтарын The New York Times, CNN, BBC және Bloomberg секілді бұқаралық ақпарат құралдарының білікті мамандарынан алады. Тіпті сол алып БАҚ өкілдерінің студияларында жұмыс жасауға мүмкіндіктері болады. Бұл NYU студенттерінің басқа ЖОО студенттеріне қарағанда көшбасшылық тұғырын иемдену мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетеді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.nyu.edu

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты